ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

Қазыбаев Алпамыс Шәменұлы

                                                                                                                                                                                                                                                                                  

1979 жылдың 2 мамырында туған.

1994-1997 жылдары Жамбыл политехникалық колледжінде «Техник-электрик», 1999-2003 жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемелекеттік университетінің «Әлем тілдері» факультетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықты. 2004 жылы аталған жоғары оқу орынының филология магистрі атағын иеленді.

Еңбек жолын 2003 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалында бастап диктор, редактор, редактор-корреспондент, аға редактор, «Қазақстан» ҰТА Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі, Солтүстік Қазақстан облыстық «Қазақстан-Петропавл» телеарнасы директорының орынбасары-Бас редактор, Жамбыл облыстық «Ақ жол» газеті жауапты хатшысының орынбасары, облыстық «JAMBYL» телеарнасы директорының орынбасары-Бас редактор, Жамбыл облыстық «Aq jol» газеті директор-Бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарды. 2019 жылдың 2 тамызынан «JAMBYL» телеарнасы директорының орынбасары.

«НұрОтан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алғыс хаты», Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдерінің «Құрмет грамотасы», ІІ дәрежелі «Қайсар», «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі»  төсбелгісімен, «Қазақ хандығына – 550 жыл», «Қазақ телевзиясына – 60 жыл» мерейтойлық медальімен марапатталды.

Отбасымда әйелі, үш ұл, бір қызы бар.