Академик К. Скрябиннің музей-үйі қайта ашылды

18:43, 14 қараша 2017

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында академик – ғалым, биолог Константин Скрябиннің музей – үйінің ашылуы болып өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары бастаған бір топ зиялы қауым өкілдері, профессорлар мен қала тұрғындары жиналды.

Константин Скрябин белгілі биолог, гельминтология ғылымының негізін қалаушы, 4 академияның академигі. 200-ден аса гелминттердің түрін ашып, ғылыми негіздеме мен түсінік енгізген. Сол ғылыми еңбектерінің негізі дәл осы Әулиата өңірінде қаланған.

Бұл өңірге 1907 жылы көшіп келіп,4 жыл тұрақтаған. Мал дәрігері болып жұмыс істеп, ветеренария саласының дамуына сүбелі үлесін қосқан. Осында жүріп жинаған тәжірибесі мен қоры мол гельментологиялық коллекциялары оның келешектегі диссертациялық жұмысын қорғауға, одан әрі Бүкілодақтық гельминтология институтының Орталық гельминтология музейін құруға негіз болды. Ғалымның Әулиатадағы тұрған үйі 1962 жылы музей болып ашылған. Сөйтіп, өткен ғасырдың 90 жылдары апаттық жағдайына байланысты жабылған. Енді міне, араға ұзақ жылдар салып Жамбыл облысы әкімінің қолдауымен ғимарат қайта жөнделіп, пайдалауға берілді.

Ерқанат Манжуов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

Көптен бері есігі жабық тұрған академик Скрябиннің музейінің бүгін салтанатты ашылу рәсіміне қош келдіңіздер. Біз мұндй тұлғалармен мақтанамыз. Ол бізге үлкен өнеге.

Ол өзінің ғылыми жолы осы өңірден бастау алатынын ешқашан ұмытқан емес. Үлкен еңбектерінде жазып қалдырған. Ол – Әулиеата біздің еліміздегі гельминтология ғылымының тұңғыш туған жері деп санауымызға болады - деген.

Сағындық Ордабеков, Медицина ғылымдарының докторы, профессор

Жергілікті әкімшілікке үлкен рахмет. Осындай ғалымның еңбегін бағалап, тұрған үйін қайта қалпына келтіріп, бүгін міне салтанатты түрде қайта ашылып жатыр. Бұл да біздің өміріміздегі Рухани жаңғыру десек те болады. Өйткені бұл кісінің ілімі осы күнге дейін бүкіл әлем мойындаған.

Іс-шара барысында, көпшілік назарына музейдің қайта жасақталған экспозициялары ұсынылып, өмірінің қызықты сәтінен үзінді ретінде қойылым көрсетілді. Жалпы, музей 3 үлкен бөлімнен тұрады. Онда ғалымның қызметімен, өмірімен байланысты жеке заттары және құжаттары орналасқан.

Жұлдыз Аманқұлова, Жамбыл облыстық музейінің бөлім меңгерушісі

Осы үйді Скрябиннің отбасы 1910 жыл сатып алған. Бурыл көшесінде орналасқан. Үй 20-сы ғасырдағы Әулиеата құрылысының типіне ұқсайды. Мұнда ол ғылыми еңбектерін жазған.

Мұнда қойылған ең құнды мұралардың бірі әлемдік ғылымның алтын қорына енген академиктіңеңбектері мен антигельминттердің препараттар үлгілерінің стэнді. Ал, осы жәдігерлермен жақынырақ танысып, толық ақпар алғысы келетіндер үшін музей аптасына 7 күн үзіліссіз жұмыс істейді.

Алмат Садуақас, Асқар Әділ, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Болашақ мәдениет мамандарының шығармашылық кеші
14:35, 22 қараша 2017
Болашақ мәдениет мамандарының шығармашылық кеші
Толығырақ...
Жамбыл облыстық орыс драма театрына - 50 жыл
19:00, 17 қараша 2017
Жамбыл облыстық орыс драма театрына - 50 жыл
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Jambyl» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды
18:57, 17 қараша 2017
«Jambyl» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды
Толығырақ...
Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі
14:00, 16 қараша 2017
Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі
Толығырақ...