ШҰҒЫЛ! ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ Толығырақ

БІЛІМГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ

13:30, 19 наурыз 2019

Меркі ауданында Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне орай, облыста алғаш рет «Жастық шақ – өмірдің гүл көктемі» атты колледж студенттері арасындағы ақындар айтысы өтті. Оған Меркі, Шу аудандары мен Тараз қаласынан келген жастар қатысты.

Наурыз мерекесіне орай №9 Меркі колледжінің базасында ұйымдастырылған білімгерлер арасындағы ақындар айтысына 6- жұп қатысты. Олар еліміздің білім саласында атқарылып жатқан жұмыстары, жастарға жасалып жатқан қамқорлық пен Наурыз мерекесінің қасиеті тақырыбын арқау етті. Жамбыл жерінде алғаш рет ұйымдастырылып отырған мұндай шаралар жастар арасында патриоттық сезімді арттырып, дәстүрлі өнерді одан ары дәріптеуге жол береді дейді мамандар. Ақындар айтысының қорытындысы бойынша барлық кезеңнен сүрінбей өткен Аружан Қуат бас жүлдені жеңіп алды. Енді мерейлі Меркі жерінде өткен аудандық жарыстан жеңіске жеткен жастар облыста өтетін білімгерлер арасындағы ақындар айтысына жолдама алады.

Меруерт ЖҰМАТАЕВА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ ЖЫРШЫ-ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
20:12, 11 маусым 2019
ОБЛЫСТЫҚ ЖЫРШЫ-ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар