ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ҚОРҒАНЫ – ҰЛТТЫҚ ҰЛАН

19:03, 10 қаңтар 2019

Қауіпсіздіктің қалқаны, егемен еліміздің қорғаны Ұлттық ұланның құрылғанына биыл 27 жыл. Тәуелсіздік алған тұста елдің ертеңі  үшін қабылданған  реформалық шараның бағамын айтпасақ та түсінікті.

ҰЛттық ұланның 27 жылдығына орай Тараздағы әскери бөлім өкілдері  мерекелік салтанатты жиын өткізді. Еңбегі еленген әскери қызметшілер мен ерлік жасаған сарбаздар марапатталды.

Құқықтық тәртіп  әскері – мемлекетіміздің ішкі қауіпсіздігінің қалқаны. 27 жыл ұландықтар өздеріне жүктелген міндеттерді толықтай орындап келеді. Тізбектесек, тек 2018 жылдың есебі бойынша 622 қылмыстың беті ашылған. Қызмет жолында еңбегі еленгендер осы кеште марапатталды.

Әскер қатарында жүріп, батырлық танытқандар да ерекшеленді. Лайықты дерсіз. Себебі, бұл жігіттер шапшаң қимылының  нәтижесінде ұрыны құрықтап,жәбірленушіге құнды заттарын қайтаруына үлесін қосқан. Бір бұл емес, ішкі істер департаментінің арнайы наградалары мен демалыс жарияланған.

Фархат Вдовин – сарбаз

Ұлтты ортақ игілікке ұйыту, ел бірлігін сақтау, тыныштықты қамдау, Отанға адал қызмет ету  әрбір ұландықтың ұранына айналған деген сала ардагерлері өз ойларымен бөлісті.

Бақытгүл Жақсыкеева - ардагер

Мерекелік кеш соңы арнайы дайындалған концерттік бағдарламамен түйінделді.

Н.Дәрменқызы , Асқар Әділ «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

ЖАМБЫЛ ЖЕРІНДЕ «ЖАҢҒЫРУ» КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
21:26, 19 наурыз 2019
ЖАМБЫЛ ЖЕРІНДЕ «ЖАҢҒЫРУ» КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Толығырақ...
БІЛІМГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ
13:30, 19 наурыз 2019
БІЛІМГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ
13:30, 19 наурыз 2019
БІЛІМГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ
Толығырақ...
ЖАМБЫЛ ЖЕРІНДЕ «ЖАҢҒЫРУ» КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
21:26, 19 наурыз 2019
ЖАМБЫЛ ЖЕРІНДЕ «ЖАҢҒЫРУ» КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Толығырақ...