ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

I ОБЛЫСТЫҚ «КӨНЕ ТАРАЗ КҮМБІРІ» ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АНСАМБЛЬДЕР КОНКУРСЫ ӨТТІ

15:24, 30 мамыр 2019

Тараз төрінде ерекше байқау. Бүгін I облыстық «Көне Тараз күмбірі» фольклорлық ансамбльдер конкурсы өтті. Дәстүрлі музыка өнері мен Жетісу мектебінің әндерін насихаттау, аудандық ансамбльдердің шеберліктерін шыңдауды мақсат тұтқан конкурс аймақта алғаш рет өткізіліп отыр.

Бұл байқауда сан ғасырлар өтседе сыры мен сынын жоғалтпай саф алтындай сақталып келген халықтық асыл мұрамыз дәстүрлі музыка жаңғырды. Оған Тараз қаласы мен аудандардан фольклорлық ансамбльдер қатысып, сынға түсті. Конкурстың ережесіне сай өнер додасына түскен ансамбльдер екі күй, оның бірі жергілікті композиторлардың туындысын және Жетісу өлкесінің бір әнін орындауы тиіс.

Шынболат АЯЗБАЕВ - «МЕРКІ ӘУЕНДЕРІ» ХАЛЫҚТЫҚ ӘН-БИ АНСАМБЛІНІҢ МҮШЕСІ

Бұл конскурстың басты ерекшелігі – ұжымдық ансамбльдерге жүлделі орындарымен қатарЖ.Жабаев,  Ы.Дүкенұлы, К.Әзірбаев,  А.Қоразбаев және А.Малдыбаев атындағы жүлде аталымдары беріледі.Ал  аталған байқауға ансамбльдерді дайындауға облыстық филармонияның музыканттары шеберлік сағаттарын өткізіпті.

Дастан  КӨРЕГЕН – К.ӘЗІРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ

Лауреат атанған ансамбльдер 30 маусым күні өтетін республикалық кезеңге жолдама алады. Байқаудың Гала концерті мен марапаттау рәсімі 1 шілде ұлттық домбыра күні «Білім алаңында» өтеді.
 

К.Шәмші, Тоқтар Терлікбаев ЖҚ
 

Тақырып бойынша материалдар

СПАНДИЯР МҰҚЫШЕВТІҢ ШЫҒАРМАСЫ САХНАЛАНДЫ
21:05, 21 маусым 2019
СПАНДИЯР МҰҚЫШЕВТІҢ ШЫҒАРМАСЫ САХНАЛАНДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ ЖЫРШЫ-ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
20:12, 11 маусым 2019
ОБЛЫСТЫҚ ЖЫРШЫ-ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
19:09, 12 тамыз 2019
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...