ШҰҒЫЛ! ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ Толығырақ

КӨНЕ ҚҰМЫРА ТАБЫЛДЫ

19:16, 9 қаңтар 2019

Тараздың бұрынғы тұрғыны өз ауласынан 9-10-шы ғасырға жататын қыш құмыра тауып алды. Андрей Мостовщиков оны облыс орталығындағы музейге қайтару үшін Омск қаласынан арнайы келген. «Құнды құмыра үшін құн сұрамай Қазақстанға келіп, артынша ілезде Ресейге кетті» дейді  облыстық өлкетану музейінің басшылығы. 54 жастағы Мостовщиков мырза тарих үшін таптырмас дүние саналатын жәдігерді қаладағы жер телімін сатпақ болған кезде табады. Былтыр күзде әкесінен мұра боп қалған үй-жайын ретке келтіріп, бақшасын  қазып жатқанда көне жәдігер көзге оттай басылады.  Алайда, шұғыл шаруалары шығып қалып Ресей асып кетеді. Тек осы жолы ғана орай келіп Омск тұрғыны   туған жеріне қайтады. Ал, музей мамандары бұл құмыраны соғдылар пайдаланған деп отыр.  

Нұрзат ӘМІРБЕК, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Тараз қаласы Төле би көшесі бойында табылған екен. Мұны ғалымдар 9-10 ғасырға жатқызып отыр. Яғни, Соғды дәуірі, солардың құмырасы. Ол сол кездегі жүзім шырынын, не болмаса сүт тағамдарын құюға арналған құмыра деп ғалымдар есептеп отыр. Ол құмыраның ұзындығы 30 см, ені 15-17 см және де бұл қыш құмыраға жатқызылады

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ ЖЫРШЫ-ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
20:12, 11 маусым 2019
ОБЛЫСТЫҚ ЖЫРШЫ-ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар