ШҰҒЫЛ! ҚАЛАДА 78 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛУДЕ Толығырақ

ӨҢІРДІ ТҮРЛЕНДІРГЕН МЕРЕКЕ

14:59, 2 мамыр 2019

«1-мамыр Қазақстан халқы бірлігі күнін»  Әулиеата өңірінде кең көлемде аталып  өтті. Мереке аудандар мен ауыл аймақтарды да қамтыды.  түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бірліктерінің бекем, ынтымақтарының мығым екендіктерін паш етті. Аудандарға Аян Ермекұлының шолуы

Шу өңірінің халқы бірлік күнін көтеріңкі көңіл-күймен бастады. Қазақ, күрд, түрік, әзірбайжан, неміс, орыс халқы сынды түрлі ұлт өкілдері жиналып, меркелік шеру  ұйымдастырды. Бұдан бөлек, ұлттық дәмдері мен қол өнер бұйымдарының да көрмесі көпті тәнті етті.

Жарылқасын АЙТАҚОВ  ШУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Меркіліктер де мерекелік шарадан құр қалмады. Жыл сайынғы дәстүрге айналған бұл қуанышқа  «Меркі әуендері» ән-би ансамлі, Үміт оқушылар сарайы мен мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салды.  Сондай-ақ, жиылған жұрт бір-біріне ізгі тілек айтып, шара соңы жалпы халықтық серуенге  ұласты. 

Энаділ СҮЛЕЙМЕНОВ  АУДАН ТҰРҒЫНЫ

Ал, Құландықтар орталық алаңда, 20-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бас қосып, мәдени-көпшілік шара өткізді. Сондай-ақ, ел ардақтылары барша халықты ортақ мерекемен құттықтап,  мерейлі мереке соңы спорттық ойындармен жалғасын тапты.

Райзуа ШӘДІЛБЕКОВ  АУДАН ТҰРҒЫНЫ

Думанды шарадан Қордайлықтар да қалыс қалған жоқ.  Жылдағыдай аудан орталығына жиналған жұрт айналаны ән мен жырға бөлеп, қазақ жеріне деген ыстық ықыластарын жеткізді. Мұндай Салтанатты жиындар өзге де аудандар мен ауыл аймақтарда жалғасын тапты.   

А.Ермекұлы, Ж.ТӨЛЕУҰЛЫ, ЛӘЗЗӘТ СЕРКІБАЙ, ЕРКІН ЖАСЫБАЙ   аймақтағы тілшілер көмегімен                               «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

СПАНДИЯР МҰҚЫШЕВТІҢ ШЫҒАРМАСЫ САХНАЛАНДЫ
21:05, 21 маусым 2019
СПАНДИЯР МҰҚЫШЕВТІҢ ШЫҒАРМАСЫ САХНАЛАНДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ ЖЫРШЫ-ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
20:12, 11 маусым 2019
ОБЛЫСТЫҚ ЖЫРШЫ-ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар