ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ

18:46, 3 сәуір 2019

Бүгін Таразда «Жамбыл менің жәй атым, халық менің шын атым» атты республикалық ақындар айтысы шымылдығын түрді. Ол Жамбыл бабамыздың туған күніне орай қатарынан екінші жыл өтіп отыр. Айтысқа еліміздің барлық өңірінен келген10- жұп қатысты.

Айтыс- қазақтың ауыз екі әдеби-музыкалық өнері. Онда халықтың әдет-ғұрпы, тұрмыс-тіршілігі мен дүниетанымы кеңінен суреттеледі. Осы киелі мұраны кең көлемде насихаттау мақсатында Жамбыл облысы жыл сайын республикалық ақындар айтысын өткізуді қолға алды. Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай өткізілген биылғы ақындар айтысына Алтай мен Атырауға дейінгі Қазақстың кең даласынан келген мықты ақындар жиналды.

Бекболат ОРЫНБЕКОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Ақындар айтысын көруге халық көп келді. Онда негізінен ақындар жас ұрпақтың рухын оятып, қазақ халқының мәдениеті мен салт- дәстүрін, батыр бабаларымыздың ерлік істері мен болашақ ұрпақ тәрибесі секілді тақырыптарды арқау етті.

Аспанбек ШҰҒАТАЕВ АЙТЫСКЕР АҚЫН (ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ)

Республикалық ақындар айтысы бүгін кешке дейін жалғасады. Ал, оның қорытындысы бойынша бас жүлде алған ақынға автокөлік, қалған үш орынға ақшалай силық тапсырылады деп күтілуде.

Таразда өтіп жатқан Республикалық ақындар айтысының нәтижесі туралы қорытынды жаңалықтарымыздан көре аласыздар.

Айбол ҚАРАШ «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

СПАНДИЯР МҰҚЫШЕВТІҢ ШЫҒАРМАСЫ САХНАЛАНДЫ
21:05, 21 маусым 2019
СПАНДИЯР МҰҚЫШЕВТІҢ ШЫҒАРМАСЫ САХНАЛАНДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ ЖЫРШЫ-ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
20:12, 11 маусым 2019
ОБЛЫСТЫҚ ЖЫРШЫ-ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
19:09, 12 тамыз 2019
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...