ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

14:01, 4 сәуір 2019

Әулиеата төрінде «Жамбыл менің жәй атым, халық менің шын атым» атты республикалық ақындар айтысы мәреге жетті. Биыл екінші рет ұйымдастырылған аламанға байтақ еліміздің 4 тарабынан да кіл жүйріктер жиылды.  Сайдың тасындай іріктелген 20 ақын сөздің шымырын теріп, ойдың тұнығын айтты.

Қара сөзбен темір балқытып, тұлпар тағалаған текті қазақ үшін айтыстың орыны бөлек. Әулиеата төріндегі аламанда да көрермен қауымның айрықша ықыласы айқын байқалып тұрды. Бұл да айтыстың жоғары деңгейде өтуіне өз ықпалын тигізгені анық.

Жүрсін ЕРМАН «АЙТЫС АҚЫНДАРЫ МЕН ЖЫРШЫ ТЕРМЕШІЛЕРІНІҢ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОДАҒЫ ҚБ ТӨРАҒАСЫ

Биылғы аламанда Жамбыл облысы атынан Қанат Мырзахан мен Дархан Әбдіманат сынды жас ақындар да бақ сынады. Оларға деген жұртшылықтың қолдауы да зор. Айтыста туған жер, халықтың тұрмыс-тіршілігі мен әлеуметтік жағдайы сынды тақырыптар көтерілді. Жамбыл бабамыздың ұлылығы мен даналығы, түрленген Тараз да ақындар жырына арқау етілді. Айта кетерлігі, сағат тілі 11- де басталған айтыс 8-  сағаттан астам уақытқа созылды. Алайда, ол күні бойы жалғасса да көрермен орындарынан тап жылжымай тамашалады.

Зухра КӨБЕНОВА ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Сонымен, бір күнге созылған «Жамбыл менің жәй атым, халық менің шын атым» атты республикалық ақындар айтысы мәреге жетті. Қазылар алқасының төрағасы Аманжол Әлтаев бастаған ел ағалары жұртшылық алдына шығып, осындай жыр додасын ұйымдастырған Жамбыл облысының әкімдігіне алғыс айтып, жиналған жұртшылыққа ризашылығын білдірді.

Аманжол ӘЛТАЕВ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ

Аламан айтыстың қорытындысы бойынша бас жүлда Жамбылдық жас ақын, көпшілік ішінен топ жарған Қанат Мырзаханға бұйырды. Ол «Хюндай - Акцент» автокөлігін иеленсе, бірінші орынға тігілген бір миллионды Қарағандыдан келген Дидар Қамиев алды. Ал, екінші орынды місе тұтқан үш ақынның әр қайсысы 500 мың теңгеден, үшінші орын алған 4 ақынның әр қайсысы 300 мың теңгені қанағат тұтты.

Қанат МЫРЗАХАН БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ

Айтысқа қатысқан өзге де ақындардың барлығы арнайы алғыс хат және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Айбол ҚАРАШ «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

СПАНДИЯР МҰҚЫШЕВТІҢ ШЫҒАРМАСЫ САХНАЛАНДЫ
21:05, 21 маусым 2019
СПАНДИЯР МҰҚЫШЕВТІҢ ШЫҒАРМАСЫ САХНАЛАНДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ ЖЫРШЫ-ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
20:12, 11 маусым 2019
ОБЛЫСТЫҚ ЖЫРШЫ-ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
19:09, 12 тамыз 2019
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...