Заманның заңғар тұлғасы

19:29, 12 қазан 2017

Қарымды қаламгер, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 85 – жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Республикалық «Заманның заңғар тұлғасы» атты республикалық мүшайраның бүгін жеңімпаздары марапатталды. Кімдер үздік шықты? Толығырақ алдағы бейнематериалда.

Ақпан айындақарымды қаламгер, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 85 – жылдық мерейтойына орай Республикалық «Заманның заңғар тұлғасы» атты жабық ақындар мүшайрасы жариялғанған болатын. Содан бері мүшайраға қатысуға елімздің барлық өңірлерінен жас ақындардың шығармалары келген. 25 үміткер бақ сынған жыр додасында кімнің бағы жанды? Бұл туралы тілшіміз Шерхан Мұратбек айтып берсін.

Қазақ журналистикасы тарихында соны із салып, талай өрімдей жастың бағын ашқан, әдебиетімізде де өзінің қайталанбас  талантымен  олжа салған сөз зергері Шерхан Мұртаза мүшайрасы – ақындарды қолдай отырып, қазақ әдебиетінің дамуына жазушының қосқан үлесін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Кіл мықтыдан кім мықты. Мүшайраға қатысқан әр ақынның өлеңдері мазмұнды, мағынасы кең. Тақырыбы аясы ауқымды. Осындай кіл мықтылардың ішінен бас жүлдені Жамбылдық ақын Хамит Есаман иеленді. Ал, бірінші орынға шымкенттік ақын Маралбек Сұлтанов лайқық деп танылса, екінші орын Табиғат Абаилдаевқа бұйырды. Барлық жеңімпаздарға арнайы дипломдармен қатар ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Шерхан Мұртаза өзінің шығармаларында адам бейнесін табиғаттың сұлулығымен астастыра отырып, өте көркем бейнелейді. Әрі әр кейіпкердің ойын терең түсіне отырып, адам мен табиғаттың тынысы бір екенін көрсете білген жазушы.Осындай қарымды қаламгер, белгілі жазушы атындағы мүшайра келер жылды жалғасын табатын болады.

Шерхан Мұратбекұлы, Ғалымжан Есенбаев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

 «Менің Қазақстаным» атты сурет көрмесі
15:01, 17 қазан 2017
«Менің Қазақстаным» атты сурет көрмесі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

“Үздік бастауыш партия ұйымы” байқауының жеңімпаздары анықталды
19:10, 13 қазан 2017
“Үздік бастауыш партия ұйымы” байқауының жеңімпаздары анықта...
Толығырақ...
Бағалау жүйесін қолданудың тиімді жолдары
14:40, 11 қазан 2017
Бағалау жүйесін қолданудың тиімді жолдары
Толығырақ...