Жамбыл облыстық орыс драма театрының 51-маусымы ашылды

14:52, 12 қазан 2017

Орыс драма театры көрермендерге 51-маусымын айқара ашты. Жаңа маусымның ашылу салтанатында жерлесіміз, Қазақстанға белгілі режиссер Қуандық Қасымовтың «Кармен» трагедиялық шығармасы көрермен назарына ұсынылды.

Аталмыш спектакль экспериментальді жанрда қойылған. Себебі, бұл пьесса 5-ақ беттен тұратын шығарма. Ерекшелігі сол бұл қойылым көрермендерге   50 минут көрестілетін болса, оның 40 минуты бимен сомдалады. Сондықтанда театр ұжымы ақылдаса келе бұл шығарманы жақсы ойнап шығуға  бел буып, тәуекелге барған.

Сергей Васильков, хореограф

Біздің театр драммалық болғандықтан, мұндағы актерлер кәсіби бишілер емес. Ал «кармен» пьессасы бастан аяқ бимен сомдалуы қажет. Сондықтан біз хореографтар күн демей, түн демей ұжымды ұзақ дайындадық. Нәтижесін өздерініз көріп отырсыздар

Шығарма махаббат хикаясына негізделген. Онда сыған қызы- Кармен мен оның ғашығы -Хосе Наварроның  арсындағы сезім сомдалады. Әйткенмен екі жастың қосылуына түрлі кедергілер сеп болып, ақыр сонында шығарма Карменнің өлімімен аяқталады.

Театр сүйер қауымға  жағымды жаңалық. Енді орыс драма театрының ұжымы осы айдың 15-не дейін күн сайын түрлі шығармаларды көрермен назарына тегін ұсынатын болады.

Гүлзат Сейдуллақызы, Асқар Әділ, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

 «Көрермен көзайымы» болған Сұлужан Әбенова
15:56, 15 желтоқсан 2017
«Көрермен көзайымы» болған Сұлужан Әбенова
Толығырақ...
«Рухани жаңғыру» орталықтары ашылуда
14:28, 13 желтоқсан 2017
«Рухани жаңғыру» орталықтары ашылуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар