ШҰҒЫЛ! ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ Толығырақ

ЖАМБЫЛ ЖЕРІНДЕ «ЖАҢҒЫРУ» КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

21:26, 19 наурыз 2019

Қазақтың салты мен дәстүрі астасқан, Ұлыстың ұлы күні көктем мерекесі  Әулиеатада  9 күн тойланып жатыр.  Ұлы дала төсіндегі «Наурыз” дүбірінің дүйім жұртты шаттыққа бөлеген бүгін алтыншы күні. Яғни   “Жаңғыру”  күні. Бұл күні Тараз қаласының әкімдігі мен перинаталдық орталық  ұжымы жас аналарға құрмет көрсетті. Облыс көлемінде әр перзентхананы қосқанда бүгін 73 сәби аналарымен бірге үйге шығарылды.    Әр күнді ерекше атуамен тойлап жатқан әулиеаталықтар үшін бұл күн тарих бетінде «Жаңғыру» күні болып мәңгіге қалмақ.  Құшақтары гүлге, жүздері қуанышқа кенелген аналар періштелерімен қосылып үйлеріне бет алды. Айтулы күні жергілікті билік өкілдері облыстық және қалалық перинаталдық орталықтарда жарық дүние есігін ашқан нәрестелердің аналарын қала әкімінің атынан арнайы құттықтап, сәбилерге қажетті бұйымдардан құралған сыйлықтар табыс етті.

Кенжебек ОЛЖАБАЙ ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

 Бұл рәсім Тараз қалалық перинаталдық орталықта да жалғасын тапты. Мұнда да қуаныштың желі есіп, аналар ерекше толқыныс үстінде. Тоғыз, ай он көтеріп, өмірге ұрпақ әкелу ана үшін бақыттың ең биік бастауы.

Айсұлу ҚУАНЫШЕВА ЖАС АНА

14-наурыздан бастау алған мерекелік көңіл күй алдағы күндері “Береке күні”, “Ұлыстың Ұлы күні”, сондай-ақ, “Жаңа күн” болып жалғасын табады.

Райхан Шәлібекқызы, Ахан Әбілхайыр «Жаңалықтар қызметі»

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ ЖЫРШЫ-ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
20:12, 11 маусым 2019
ОБЛЫСТЫҚ ЖЫРШЫ-ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
18:46, 12 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...