ШҰҒЫЛ! ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ Толығырақ

Жамбылдың жауқазын жырлары

15:30, 8 қаңтар 2019

«Жамбылдың жауқазын жырлары». Осындай атаумен Жамбыл облысы жас ақындарының жыр жинағы жарық көрді. 29 ақынның 206 өлеңі топтастырылған кітаптың тұсаукесер рәсімі Шоқан Уәлиханов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында өткізілді.

 Әулиеаталық жас ақындардың шығармашылығын қолдау және оларды көпшілікке таныту мақсатында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы аталған жыр жинақты жарыққа шығарып отыр. Кітаптың алғы сөзін облыс әкімі Асқар Мырзахметов пен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Қайырбек Асанов жазған.

Қайырбек Асанов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері

Кітаптың тұсауы кесілді

Жиында жинаққа өлеңдері енген өрелі ақындар сөз алып, өздеріне қолдау көрсеткен облыс басшылығына, жастар басқармасына алғыстарын жеткізсе, енді бірі жүректегі сөздерін жыр шумақтарымен білдірді.

 Арайлы Жақсылық, жас ақын

Ернар Әбдіразақ, жас ақын

Кітапқа өлеңдерін өткізген 51 жас ақынның ішінен 29 –ның шығармалары іріктелініп, енгізіліпті. Жинақ 264 беттен тұрады. Алматы қаласындағы «Қазақ тілі» баспасынан, 500 данамен жарық көрген. Айта кету керек, биыл Жамбыл облысының 80 жылдығына 80 кітап шығару бастамасы қолға алынып, сондай-ақ, өңірде айтыскер ақындар мектебін құру жоспары да бар.  

Қымбат Қаржауқызы, Нұрлыбек Құдияр, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ ЖЫРШЫ-ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
20:12, 11 маусым 2019
ОБЛЫСТЫҚ ЖЫРШЫ-ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар