ШҰҒЫЛ! ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ Толығырақ

АЙМАҚҚА ІРІ ҚАРАНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ӘКЕЛІНДІ

23:31, 18 наурыз 2019

Жамбылдың ет бағытындағы шаруашылық әлеуетінен қазір үміт көп. Өйткені, аймақтың бұған толығымен мүмкіндігі жетеді.  Әсіресе экспорт деңгейімен қарасақ, шаруалардың да діттегені ет бағытын дамытып  қана қоймай, төрт түлікті асылдандыру. Осы орайда алғаш рет Жамбылға сонау Германия елінен  «Симментал» тұқымды  ірі қаралар әкелінді.

Жалпы кәрі құрлықтан жеткізілген мүйізді ірі қараның саны 112  бас.  Тапсырысты «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы арқылы қос аудандағы шаруа қожалықтары алдырған. Жалпы құны 80 млн теңгені құрапты. Енді «симментал» тұқымдас сиырлар «Талас»  ауданындағы «Ынтымақ» пен «Кәусар» қожалықтарында көбеймек. Айта кетейік, бұл ірі қараның ерекшелігі  жем-шөп талғамайды. Тәуліктің кез-келген сәтінде астандыруға болады дейді мамандар. Ол өз кзегінде ірі қараның өсуіне, бордақылауына, тіпті ет беруіне кері әсерін тигізбейді екен. Демек, шаруаға қолайлы. Енді ағымдағы жылы қожалық иелері  бұл тұқымдас ірі қараның санын тағы да 2 мыңға еселеуге мүмкіндік бар деп отыр.

 Нұрғали СЕЙІТБЕКОВ  «АГРАРЛЫҚ НЕСИЕ  КОРПОРАЦИЯСЫ» АҚ  АЙМАҚТЫҚ ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫ

\Биыл да ірі қараларды сатып алуға шару қожалықтары ниет білдіруде. Біз бірлесіп жұмыс атқара беретін боламыз. Әл де шетелден асыл тұқымды ірі қараларды облыс орталығына алып келу жалғасады.\

 

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
18:46, 12 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...