ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

Аймақтың қаржы нарығы

19:56, 16 тамыз 2017

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Жамбыл облыстық филиалында өңірдегі инфлияцияның деңгейі және қаржы нарығындағы ахуалға байланысты пресс-конференция өтті.

Жамбыл облысы Статистика департаментінің ресми мәліметтеріне сәйкес, 2017 жылдың шілде айында Жамбыл облысы бойынша инфляция деңгейі маусым айымен салыстырғанда, 0,5 пайызды құрады. Инфляцияның өсуінің негізгі үлесі ақылы қызметтерге тарифтердің 2 пайызға көтерілуінен орын алып отыр. Атап айтқанда, суық су 19,3 ал тасымалдау қызметі 10,2 пайызға қымбаттады. Керісінше, өткен айда азық-түлік тауарларының бағасы 0,5 пайызға төмендеген. Конференцияда сондай-ақ, облыстың депозиттер мен несие нарығы жайында сөз болды. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында екінші деңгейлі банктермен жалпы сомасы  72 млрд теңгеден астам несие берілген. Сондай-ақ, мұнда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен биылғы жылдың 31 мамырынан бастап халыққа аффинирленген алтынды сату және сатып алу Бағдарламасының іске қосылғандығы айтылды. Яғни, біздің облыста алтын құймаларды Қазақстан Халық Банкі, Еуразиялық Банк және Цеснабанктен сатып алып және сатуға болады. Пресс-конференцияда аймақтың валюта нарығындағы жағдайының барысы да мәлім боллды.

Евгений Шарыгин, ҚР ұлттық банкі ЖОФ директоры

Ұлттық банк ұлттық валютаның еркін өзгермелі бағамы саясаты бойынша тиімді жұмыс істеуін жалғастыруда. Және инфляцияның аса өсуіне жол бермейді. 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығында облыстағы айырбастау пунктері халықтан 51,3 млн АҚШ долларын сатып алған. ҚР Ұлттық Банкінің Жамбыл фил иалымен валюта нарығындағы жағдайды бақылау бойынша тұрақты негізде жүргізіліп отыр.

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар