ШҰҒЫЛ! ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ Толығырақ

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

19:36, 28 наурыз 2019

Меркі ауданында ауылшаруашылығы саласы мәселелерін саралаған ауқымды  семинар өтті. Негізгі мақсат аймақтар арасында тәжірибе алмасу. Жиынға дала  еңбеккерлері, фермерлер одағының мүшелері мен шет елден келген агрономдар қатысты.

 Семинарда алдымен Украинадан келген агро сала мамандары Меркі, Т. Рысқұлов және Шу аудандарының шаруаларына дәріс оқыды. Олар егіншіліктегі зиянкестермен күресті химиялық емес, органикалық заттардың көмегімен жүзеге асырудың жолдарын түсіндірді. Бұл егістік жерлерді зиянкестерден қорғап, өнімді еке есі көп беруге көмектесетін көрінеді. 

Жигули ДАЙРАБАЕВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФЕРМЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Екі сағатқа созылған семинардан кейін барлық шаруалар мен сала мамандары «Совет» шаруа қожалығына барды. Онда еңбеккерлерге дәрілік заттарды алма бағында қалай қолдану керектігі тәжірибе түрінде көрсетілді. Сонымен қатар, қант қызылшасын өсіру үшін берілетін минералды тыңайтқыштардың да тиімділігі  түсіндірілді. 

Совет ҚАЛМАНБЕТОВ ШҚ ЖЕТЕКШІСІ

Осыған дейін Алматы, Түркістан облыстарында өткізілген ауылшаруашылығы семинары енді жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасын табады. Өйткені, тәжірибе алмасып жұмыс істеу шаруаның көкжиегін кеңейтуге жол ашып отыр.  

 

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
18:46, 12 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...