ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

БАЙЗАҚТА ШЕШІМІН КҮТКЕН ТІРЛІК КӨП

23:30, 17 сәуір 2018

Байзақ ауданы орталығы Сарыкемер ауылында 31 мың тұрғын тұрады. Бірақ осынша халқы бар  аудан орталығында демалыс орны жоқ. Аудан әкімі бұл мәселе биыл шешіледі деп сендіреді.  Рахметілдә Рахманбердиев өткізген бүгінгі брифингте атқарылған жұмыстар мен кезегін күткен мәселелер де айтылды. 

  Байзақ ауданының 100 мыңнан аса халқы бар. Жері  шұрайлы, сондықтан, шаруа да шырайлы. Өткен жылы Агротауар өндірушілер Үкіметтен  741 млн теңге көлемінде көмекқаржы алып, шаруасын ширатыпты. Бір жылда 36 кооператив құрылған. Өзге де сан салада сан алуан жұмыс бар.

Рахметілдә РАХМАНБЕРДИЕВ  БАЙЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ қысқаша

Ауданда кезегін күткен мәселе де көп. Мәселен,  игерусіз жатқан алқап  сан мың гектар. Кезінде жекенің қолына өтіп кеткен жер учаскелері жылдар бойы пайдаланылмай жатқандықтан, тозуға айналған. Әзірге бұл іс толығымен шешімін табар түрі жоқ.

Рахметілдә РАХМАНБЕРДИЕВ – БАЙЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ / өткен жылы 2375 гектар, оның ішінде 805 гектар жер суармалы, игерілмей жатқан жерлерді біз жер инспекциясына бердік.олар тексеру ұйымдастырады, жер кодексіне сәйкес, 1 жыл уақыт береді. Осы уақыт ішінде жер игерілмесе, онда жерді мемлекет меншігіне қайтару туралы сотқа шағым беріледі. Жерді қайтару – бұл ұзақ процесс/.

Толғауы тоқсан жол мәселесі де өзекті мұнда. Облыстық мәндегі тозығы жеткен жолдарды жөндеу шешімін таппай  отыр. Бір жылда аудандағы көлік санының 11 пайызға өсуі жолдардың тез тозуына әкеп соғуда, дейді әкім. Аймақтық деңгейдегі  екі жолды кеңейту үшін 3 млрд. 300 млн теңгеге ауқымды жоба жасалып, респуб.бюджеттен қаржы сұралуда.

Рахметілдә РАХМАНБЕРДИЕВ – БАЙЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ/біздің ауданның территориясы арқылы екі облыстық мәндегі жол өтеді. Тараз-Бурыл-Тегістік-Ойық жолы және Тараз-Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ жолы. Оны ұстап, ағымдағы жөндеу жұмыстары облыстық бюджеттен қаржыландырылады. Қазір мемлекеттік сатып алу процесі кешеуілдеп жатыр. мердігер анықталмай отыр/.

Ал, бұған дейін де талай мәрте айтылған Талас өзенінің жағалауын демалыс орнына айналдыру мәселесі осы жылы ауданның 80-жылдық мерейтойы қарсаңында оң шешімін табатын болыпты.

А. Тілеуханқызы

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар