ШҰҒЫЛ! ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ Толығырақ

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ӨНІМ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

14:34, 9 қаңтар 2019

Әулиеаталық кәсіпкерлер бәсекеге қабілетті өнім өндіруге бет бұрып отыр. Мәселен, «Көкжиек - 2030» Серіктестігі заманауи  құрылғылар арқылы өндіріс  қуатын жылына 25 мың тоннаға дейін ұлғайтуға қол жеткізді. Сүт өнімінің 40 тан астам түрін шығаратын зауыттың тәулігіне 200 тонна сүт өңдеуге мүмкіндігі бар.  

Кәсіпорын италиялық «FRAU IMPLANTI» компаниясының жаңа үлгідегі автоматтандырылған желілі құрал-жабдықтарымен жаңғыртылған. Соның нәтижесінде өндірістің қуаттылығы артып, жұмыс үдерісі де біршама жеңілдей түсті. Жұмысшылар саны да 12 адаммен толығып, олардың айлық-жалақысы 25 пайызға арттырылыпты. Зауытта он жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Алма Әбдуахатова осы оң өзгерістерге өте қуанышты.

Алма Әбдуахатова,       өндіруші ?

 Кәсіпорынның өндірген өнім көлемі соңғы 5 жылда 186,2 млн. теңгеден 774 млн теңгеге дейін өскен. Бүгінде шикізат облыстың 4 ауданымен қатар, Түркістан облысының шаруашылықтарынан жеткізіліп отырады. Зауыттың бір ауысымдағы қуаттылығы 200 тонна, ал жаңадан іске қосылған цех 60 тонна сүт өнімдерін өндіруде.

 Әбдіғали Бегімбетов кәсіпорын басшысы

 Бұған дейін полиэтиленді қамтамадағы сүттер небәрі 3-7 күн аралығында сақталып келген, енді  жаңа технологияның көмегімен тетропакеттегі сүт өнімдерін сақтау мерзімі айтарлықтай ұзартылды. Оған қоса, қазіргі уақытта өнімнің бірнеше түрі шығарылуда екен.

 Гүлзархан Халықова   есепші

Бүгінгі күні кәсіпорын экспортқа 500 тонна өнім шығара алса, 2022 жылға дейін оның көлемін 2,5 есеге арттыруға мүмкіндігі мол.

Қымбат Қаржауқызы, Өміртай Ыбырай, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
18:46, 12 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...