ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

Биыл Таразда 3 мектеп пайдалануға беріледі

20:30, 15 наурыз 2018

 «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша, 2017-2018 жылдарға Тараз қаласында 3 мектеп құрылысы басталған. Оның екеуі 300 орындық ғимарат болса, ал, Шөлдала елдімекенінде бой көтеріп жатқан білім ордасы 900 бала оқытуға арналған. Құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалған мектептерді облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымов аралап көріп, құрылыс сапасын қатаң сынға алды.

Бұл – қаладағы темір жол бекетіне жақын орналасқан №24 орта мектеп. Мұнда, ескі ғимаратқа оқушы сыймағандықтан 300 орындық қосымша нысан тұрғызылуда. Жұмысты жүргізіп жатқан «Астана ап» мердігер компаниясы сыртқы әрлеуді аяқтап та қалдық, ағымдағы жылдың маусым айында құрылыс толықтай бітеді дегенді айтты.

Талғат Мырзамұратов – БАС ИНЖЕНЕР құрылыс өз уақытымен жүріп жатыр.Уақытында тапсырамыз. Қазір ішкі әрлеу жұмыстары жүруде. Сосын сырлау жұмыстары қалады...

Бұл құрылыс жүргізіп жатқан бас инженердің тексеру тобы келмей тұрып, журналистерге берген жауабы болатын. Ал, құрылыс саласында білім алып, 25 жылдан астам осы саланың сан қырына қаныққан облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымовты «құрылысты сапалы жүргізіп жатырмыз» деп алдай алмады.

 

75 ке саусақ 1 см кіріп кетуі керек. Ал, мынауыңа сенің... давай откроем, сейчас. Ішін ашасың, мен көрсетем. Бұл 50-лік қой. Ол ертең влага жинаған соң түгел түсіп қалады. Это же для внутренных работ. Для горизонтального утепления. Для вертикального бұлай жасамайды. Там не75, а 100 должен быть. Это же школа. Толщина какая? – 70, - а плотность? – 70, - Не может быть.../

Бұдан кейін, тексеру тобы «бәйтерек» мектебінде де болды. Мұнда, жоспар бойынша 150 адам жұмыс істеу керек болса, мердігерлер жұмысқа 200 адамды бірақ жұмылдырыпты. Құрылысты ертерек аяқтау үшін, әрине. Дегенмен, асығыстық салдары құрылыс сапасына кері әсерін тигізбеуі керек деді Ғалымжан Райлұлы. Сондай-ақ, жұмыс жүріп жатқан нысанның айналысында шашылып жатқан қоқыстарды да сынға алды. Ал, мердігерлерге құрылыс кезінде жіберген кемшіліктерін түзетуге 1 апта уақыт берді.  

Ғалымжан Әбдірайымов – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары  3 мектептің мердігерлері де осы Тараз қаласынікі. Бұрыннан осы Жамбыл облысындағы мектептерді, басқа да құрылыстарды салып келе жатқан мердігерлер. Опыты жоқ деп айта алмаймын. Бірақ, сонда да, өздеріңіз көрдіңіздер. Құрылыс жүргізіп жатқан кезде бірнеше кемшіліктер жіберілген Оны бүгін компанияларға, технодзорға, автор снадзорға шұқып көрсетіп отырмыз. Оларға 1 апта уақыт бердім. 1 аптадан кейін өзім қайтып келіп, 3 мектепті қайта қарап шығамын/

Шөлдала елдімекенінде салынып жатқан 900 орындық білім ошағының құрылысында да кемшіліктер жоқ емес. Бұлардың да бетоннан құйылған мұнараларды қайта түзетуге, сонымен қатар, басқа да кемшіліктерді қалпына келтірулеріне  бір апта уақыттары бар. Ал, қарқынды құрылыс жүргізіп жатқан компаниялардың басшыларына облыс әкімінің орынбасары 3 мектепті де тамыз айында аяқтау керек деген тапсырма берді. 

Бекжан Сабыржан, Серік «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар