ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

Елбасы бастамасы өркендеу жолы

20:30, 7 наурыз 2018

Мемлекет қаржысының басым бөлігі әлеуметтің  әлеуетін нығайтуға  бағытталатын болады. Елбасының  «бес әлеуметтік бастамасындағы басты мақсат осы. Қолжетімді баспана, тиімді несие, сапалы һәм кешенді білім,  өмір сүрудің жаңа сапалық деңгейі. Маңызы терең, мазмұны бай бастама бүгін облыс активінің басын қосқан алқалы жиында талқыға түсті.  

Басты мақсат – Қазақстан халқының тұрмысын жақсарту. Президент ең әуелі баспана жайына тоқталды. Ел экономикасының екпінін арттыруға 7-20-25 бағдарламасын ұсынды. Ал, Таразда  21 мың азамат пәтер кезегінде тұр. Жаңа жоба енді әрбір отбасыны қолжетімді  баспанамен қамтамасыз етуге септеседі.

Асқар мырзахметов         Жамбыл облысының әкімі

Сондай-ақ, келер жылдан қарапайым еңбек адамдарының салығы 10-нан бір пайызға дейін азаяды. Жамбылда ондай 34 мың қызметкер бар. Оқу орындарының саны емес сапасына мән беретін кез келді. Облыста мемлекеттік гранттың санын 4000-ға, ал жеңілдікті 3000-ға жеткізу көзделіпті. Жатақханаға мұқтаж бір жарым мыңға жуық студенттің де мәселесін шешу қажет, деді облыс әкімі. Саусақ бірікпей, ине ілікпейді, жатақхана салуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тиімді болмақ. 

Махметғали Сарыбеков         
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ  

Өткен жылы облыста сәтті жүзеге асқан «Бастау Бизнес» жобасы арқылы мыңнан аса ауыл тұрғыны тегін оқып, олардың 30 пайызы жеке кәсібін ашу үшін шағын несие алыпты. Елбасы күні кеше шағын бизнесті дамыту қажет деп астын сызды. Оған қосымша 20 миллард та қосып бермек. Бүгінде өз ісін дөңгелетпекке ниетті әрбір қазақстандық мемлекеттің қамқорлығын сезінеді. Мәселен, 2017-де ауылдағы ағайынға 14те 5 миллиард теңге несие берілді.

Мәріпбек Шәкербек      
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Президент бас қала Астанадан бастап еліміздің барлық өңірлерін газбен қамтуды қолға алу қажеттігін айтты. Газдандыру мәселесі облыста да күн тәртібінен түскен емес. Бүгінде өңірдегі 377 елді мекеннің 48 пайызы ғана газбен қамтылған. Аймақ басышы бұл тұрғыда құны 22де 4 миллиард теңгенің 6 жобасы әзірленгендігін айтты. 25-жы жылға дейін 354 елдікмекенде бұл мәселе шешімін табады деп межеленіп отыр.

Ақбота Қайнар, Өміртай Ыбырай, «Жаңалықтар» қызметі

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ  ЖЕТІСТІГІ
21:40, 15 қараша 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Толығырақ...