ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ЕЛБАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

20:34, 25 қаңтар 2019

Бүгін Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады. Ұлттық банктің былтырғы атқарған жұмысы жайында есеп беріліп, елдегі валюта-қаржы нарығының қазіргі ахуалы баяндалды. Елбасы бірқатар экономикалық индикаторлардың оң қарқынмен өсіп келе жатқанын атап өтті. Инфляция деңгейін төмендету үшін қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі туралы мәселеге де тоқталды.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 5,3 пайыз деңгейіндегі инфляция – бұл жақсы көрсеткіш. Бірақ, бұған экономиканың тиімділігінен емес, нарықтағы өтімділік көлемінің қысқаруы есебінен қол жетіп отыр. Ұлттық банк пен Үкіметтің бұл бағыттағы жұмысы нашар. Қаражатты айналымнан шығару арқылы инфляцияны одан әрі төмендетуге болады, бірақ бұл шешімнің экономикаға қалай әсер ететіні белгісіз?! Сонымен қатар, ұзақ мерзімді несиелердің азайғанын байқауға болады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қолданыстағы заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізілгеніне тоқталып, Ұлттық банк тарапынан бұл салаға тиісті бақылау жүргізілуі қажет екенін айтты. Данияр Ақышев Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан қайта өңдеу өнеркәсібін несиелеу жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы туралы әңгімеледі. Бұдан тыс, Данияр Ақшыев ұлттық валюта бағамының өзгеруіне ықпал ететін факторлар туралы баяндады. Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Біз қаржы секторын жақсарту арқылы нарыққа лайықты қатысушылардың жұмысын ілгерілетуге мүмкіндік береміз. Тиісті шаралар қабылдағаннан кейін несие көлемі айтарлықтай артады деп ойлаймыз. Бұл көрсеткіш 2019 жылы 10 пайызға өседі деп болжап отырмыз. Бұл номиналды ішкі жалпы өнімнен жоғары. Тиісінше, несиелердің қол жетімділігі артып, бірте-бірте жағдай жақсара түседі. Біз келешекте проблемалар туындатуы мүмкін күрт өсімнен гөрі теңгерімді өсімді мақұл көреміз.

ДАНИЯР АҚЫШЕВ ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ТӨРАҒАСЫ:

бүгін Мемлекет басшысымен кездесу барысында инфляция деңгейіне қатысты мәселе көтерілді. Мемлекет басшысы инфляция көрсеткіші 5,3 пайызға жеткеніне тоқталды. Бұл өтімділік көлемі есебінен жүзеге асырылып отырғаны рас. Қазір Ұлттық банк қаржы-несие саясатын  осы бағытта жүргізіп отыр. Енді Үкіметпен бірге қаржыны экономиканы несиелеуге бағыттау жолдарын қарастыруда. Мемлекет басшысының Жолдауда жүктеген тапсырмасын жүзеге асыру үшін нақты іске кірістік.

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар