ШҰҒЫЛ! ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ Толығырақ

ЭЛЕКТРОНДЫ ЖОЛАҚЫ ТӨЛЕУ ҚҰРЫЛҒЫСЫ ТАРАЗДА

19:16, 24 қаңтар 2019

Сыны мен міні, таусылмайтын жыры көп жолаушылар тасымалы қызметінде - тың жаңалық.  Енді, қала ішіндегі қоғамдық көліктерге жолақыңызды электронды түрде төлейтін боласыз. Ол үшін арнайы  құрылғыны енгізуге тәжірбиелік қадамдар басталып кетті.

 Жаңа жүйенің артық- кемін саралау үшін мамандар бастап, журналистер қостап арнайы  зерделеу ұйымдастырылды. Автобустағы жаңалықты  Аян Ермекұлы да  көзбен көріп қайтты.

 Электронды құрылғылар әрине, біздің қалаға да жетті. Сондай-ақ, мен қазір ақшамды тиынмен төлеп жатырмын. Бұл тәжірибе жүзінде. Ал, болашақта осындай карточкалармен ақшаңызды төлеп оп-оңай кете бересіз.

 «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қазіргі таңда электронды ақша төлеу құрылғысы еліміздің екі қаласында бар. Енді, бізге де енгізіліп жатқан құрылғы жергілікті тұрғындарға  тиімді болмақ дейді мамандар.

Бақытжан ЖӘНІБЕКОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Сондай-ақ, тәжірибе жүзінде тексеруге  қаламыздың 40-шы бағытында қатынайтын он  автобусқа электронды жабдық орнатылған.  Төрт  күн ішінде олар 16 мың жолаушы тасымалдаған.

Гүлмира БАТБАЕВА ДИСПЕтЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОПЕРАТОРЫ

 Бүгінде Тараз қаласында жолаушылар тасымалымен 10 мекеме айналысады. Күнделікті 43 бағыт бойынша әртүрлі маркадағы 465 автобус халыққа қызмет көрсетуде. Ондағы жастардан бөлек, зейнеткерлер де жаңа заман технологиясын қолдайтынын білдірді.  

Роза ШОЕВА  ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Қазіргі уақытта қалада нақты қанша жолаушы тасымалданып жатқаны жайлы ақпарат жоқ. Электронды құрылғы арқылы осыларды анықтауға жол ашылады. Бұл  автобустар арасындағы өзара жарысты азайтуға жол ашады.  Ал, жолақы төлеу мәселесі бірнеше жолдармен жүзеге асырылатын көрінеді.

Марат ӘЛІМБЕТОВ ОРТАЛЫҚ ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТ  ДИРЕКТОРЫ

Жолаушыларға қызмет көрсету сапасы осылайша арта бермек.Аталған жоба жүзеге асса, алдағы екі жылда барлық автобустарға электронды құрылғы толықтай орнатылатын болады.

А.ЕРМЕКҰЛЫ,  С.ТӘЖІБАЕВ    «Жаңалықтар қызметі»

 

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
18:46, 12 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...