ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

18:32, 14 мамыр 2019

Елімізде онлайн сатып алушылардың саны 2 есеге артты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты. Яғни, 2 млннан астам адам электрондық сауда-саттықтың қызығына кіріп алған. Қазақстандықтардың дені – құрылыс материалдарын, тұрмыстық техника, косметика, киім-кешек және аяқ киімді осы электрондық сауда-саттықтан алады. Әуе және темір жол билеттерін алу, мәдени іс-шаралар мен коммуналдық қызметтер үшін ақы төлеу сияқты қызметтер де, жоғары сұранысқа ие. Бүгінде нарықта  2 мыңға жуық дербес интернет-дүкен жұмыс істейді. Сондай-ақ, 1 млн-нан астам кәсіпкерге өз тауарларын сатуға мүмкіндік беретін 20-ға жуық электрондық сауда алаңы бар. Айта өтейік, былтыр онлайн сауда-саттық көлемі 1,5 есеге өсіп, 269 млрд. теңгені құраған.

РУСЛАН ДӘЛЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ

Қазақстанда тамақ өнімдерінің электрондық сауда көлемі

15,4 млрд. теңгені құрайды және жалпы тауарлардың электрондық саудасының 4%-ын алады.Электрондық саудада аумақтық шекаралар жоқ. Сондықтан, біздің отандық ауыл шаруашылығының өндірушілері үшін бұл жаңа нарыққа шығуға, өзінің сатып алушысын іздеуге шексіз мүмкіндік береді. Интернет-сауда – бұл ауылдық жерлерде сауданы дамыту үшін тамаша мүмкіндік.

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар