ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

Әлеуметтік әріптестік еңбек қатынастарын реттейді

19:25, 21 шілде 2016

     Бүгін әлеуметтік әріптестік пен әлеуемттік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті. Онда кәсіпорындардағы жалақы берешегін өндіру, еңбек жағдайындағы түрлі шиеленістердің алдын алу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Жамбыл облыстық еңбек инспекциясы мен кәсіподақ ұйымының  еңбек кодексінің нормаларын түсіндіру барысындағы іс-шаралары талқыланды.

     Жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы ортақ келісім-шарт жасау бұл екі тарап арасындағы бірқатар мәселелердің орын алмауына септігін тигізбек. Ал, аймақта  ортақ келісімсіз еңбек ететін мекемелер әлі де бар. Жамбыл облыстық еңбек инспекцисы 100-ге жуық еңбек ұжымдарында тексеру жүргізген. Оның 27-де әлі де ұжымдық шарттардың жасалынбағаны белгілі болған. 

     Серғали Айдапкелов, Жамбыл облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы

/Осы жылдың алты айында 126-ы Заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде 72-і еңбек қатынастарына, 46 еңбек қауіпсіздігіне, 6-ы халықты жұмыспен қамту Заңнамасына сәйкес орын алған. Сондай-ақ 86 кәсіпорында жұмысшылардың толық жұмыс уақытысы есептелінбеген. /

      Мұнымен қатар кейбір мекемелер жұмысшыларға жалақы да төлей алмай  отырғаны мәлім. Бүгінгі таңда үш кәсіпорынның жалақы қарыздарының өзі 1332 азаматқа 65,4 млн теңгені құрап отыр. Олар «Талас инвест компания», «Таразхиммонтаж» және «Жамбыл меметаллоконстукция». Бұлардың қатарында тағы да шағын 4 кәсіпорындар бар. Берешегі бар компания өкілдері бұл олқылықтың орнын толтырудамыз деп өз уәделерін берді. Облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке мұндай мәселелер әкімідік пен  мен кәсіпорындар арасындағы байланыстың жоқтығынан орын алуда екендігін айтты.

     Тимур Жанке, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары /Ұжымдық-шарт бойынша атқарылған жұмыстардың көрсеткіштер өте төмен. Мысалы, Тараз қаласы 6,2 пайызды құрайды, бұл ең төменг көрсеткіші. Мерке ауданы 23пайыз, Қордай ауданы 34 пайыз және Шу ауданы 22 пайызды құрап отыр./

      Ал, Жамбыл облысы бойынша бұл көрсеткіш 22 пайыз. Сондықтан облыс әкімінің орынбасары Тараз қаласы әкімдігі мен басқада көрсеткіші төмен аудандарға еңбек келісім-шартын жасау жөніндегі жұмысты қолға алуды тапсырды. Жиында сондай-ақ,  кәсіподақ ұйымы мен мекемелер арасындағы әлеуметтік әріптестіктің маңызы талқыланды.

Мархабат Көпбосынова Руслан Бегалы «Жаңалықтар қызметі». 

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар