ШҰҒЫЛ! ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ Толығырақ

ЕТ ӨНІМІ АРТА ТҮСУДЕ

20:16, 21 қаңтар 2019

Мерке ауданында мал бордақылау алаңдары артып келеді. Үкіметтің көмегіне сүйенген шаруалар бүгінде санға емес, сапаға баса мән беруде. Соның арқасында ет және сүт өнімдерін алуда айтарлықтай табысқа қол жеткізіп жатыр. Еселі еңбектерімен көзге түсіп жүрген Сарымолдаев ауылына қарасты «Нейлә» шаруа қожалығы жайында толығырақ тілшіміз айтып береді.

 «Нейлә» шаруа қожалығы 1999 жылы ашылған. Алғашында ұсақ малмен айналысқан олар 2008 жылы мал бордақылау алаңына ден қоя бастапты. «Сыбаға» бағдарламасы арқылы асыл тұқымды 3 бұқа мен 100-ге жуық мүйізді қара сатып алған. Төл есебінен көбейіп отырған малдар бүгінде 300- ге жетіпті. Мұнда 6 адам жұмыс істесе олардың барлығы жергілікті тұрғындар. Шаруашылықтың шырайы кіргелі бері жұмысшылырдың да жағдайы жақсара түскен.  Олар тұрақты түрде жалақымен қамтамасыз етіліп отыр. Ең бастысы ет экспортына өз үлестерін қоса бастаған.

ҚАНАТ АМАНБАЕВ   /ЖҰМЫСШЫ/

 Меркі ауданында ет комбинаты ашылғалы бері, жұмыс та жандана түскен. Ең бастысы малмен айналысатын шаруалар етті қайда өткіземіз деп бас қатырмайды. Төленетін қаржы  да қомақты. Экологиялық таза өнімге қызығушылық танытып отырғандар жетерлік. Жалпы өткен жылдың өзінде үкіметтік көмекке сүйенген шаруалар «Алтын асық» және «Сыбаға» 5 мыңнан астам қой мен 254 сиыр алыпты. Соның арқасында  ет, сүт өнімдерін шығарып, өткепру анағұрлым арта түскен.

БАХЫТХАН ӘБЖАПАРОВ /Аудан әкімінің орынбасары/

Етке деген сұраныстың артуы мал бордақылау алаңдарын жаппай ашуға сара жол сала түскен.  Өңірде кіші алаңдарды есепке алмағанның өзінде малдың қоңын келтіретін ірі 12 орын бар. Биыл олардың қатары тағы да толыға түспекші.

БАҚЫТЖАН СОВЕТҰЛЫ. НҰРЛЫБЕК ҚҰДИЯРОВ. «ЖАҢАЛЫҚТАР»

 

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
18:46, 12 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...