ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ИНВЕСТИЦИЯ – ОРТАҚ ИГІЛІК

21:11, 23 қаңтар 2019

Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешен  және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Ербол Есенеев, сауда департаментінің директоры  Дінмұхамед  Абсаттаровты  және Қазақстандық индустрияны дамыту институты өңірлік дамыту департаментінің директоры Мұрат Дәулетовты қабылдады.

КСМ: Кездесу барысында өңірдегі кәсіпкерлік пен шаруашылықты қолдаудың жаңа тетігі қаралып, ол үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан 20 миллиард теңге алу туралы ұсынысы айтылды. Бұл қаражат кредиттік жүйеде өңірдің экономикасын дамытуға, соның ішінде өңдеу және қайта өңдеу саласына бағытталмақ. Облыстық кәсіпкерлер палатасының  директоры Мәріпбек Шәкербек аталған қаржыға атқарылатын жұмыстарға басымдық беріп¸ жоспарлы жобаларға тоқталып өтті. Асқар Исабекұлы бұл орайдағы басты мақсат – бөлінетін ақшаны қалайда игеру емес, оның тиімді жұмсалуы екенін баса айтты. Өңір басшысы бұл қаржы қарастырылған жағдайда, оған бірінші кезекте нендей жұмыстар атқарылу керектігін, ол арқылы аймақ экономикасында қандай оң өзгерістер жасай аламыз деген сауалдар төңірегінде ой қозғады. Сондай-ақ, бұл сауалдар осы бағыттағы жұмыстардың басты ұстанымына айналуы тиіс екендігін алға тартты.

          Облыс басшысы өңір тұрғындарының  дені мал шаруашылығымен айналысатындығын ескеріп, әрбір елді мекендердегі құрылған кооперативтердің саның барынша көбейтіп, сол арқылы сүт және ет өнімін айтарлықтай еселеуге болатынын жеткізді. Сонымен қатар, кәсіпорындардың жүктемесін көтеру, өнеркәсіп саласы мен туризм және өзге де бағыттар назардан тыс қалмайтынын тілге тиек етті.

          Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының департамент директоры Ербол Есенеев жобаны қолдауға дайын екендіктерін білдірді. Бұл орайда жұмысшы топ құрылып, тиісті шаралар атқарылатын болады.

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар