ШҰҒЫЛ! ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ Толығырақ

КАРТОП ЕГУГЕ ДАЙЫНДЫҚ.

21:46, 16 сәуір 2019

Облыс бойынша бойынша таулы аймақтарда көктемгі дала-жұмыстары кеш басталады. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан Жуалы ауданында ақ егіндер егіліп, енді техникалық дақылдарды орналсатыруға дайындық басталды. Картоп жинауда  жылда жоғарғы көрсеткішке қол жеткізіп жүрген Зылиқа шаруа қожалығы биыл алқап көлемін арттыра түспекші.  Толығырақ тілшіміз Бақытжан Советұлы айтып береді.

Зылиқа шаруа қожалығында картоп сақтайтын 2 қойма бар. Оның әрқайсысы 650 тоннаға арналған. Шаруашылықтың техникалық дақылына деген сұраныс  қашанда жоғары. Голландиялық тәсілмен бой көтерген қойманың арқасында қыс бойы сапалы сақталған өнімдерін  Әулиеата өңірімен қоса, Түркістан облысына да өткізіп келеді.  Қазір қоймада қызған тірлік. Тұқымдар сұрыпталып, оны орналастыруға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

                           КЕРІМҚҰЛ БЕГАЛИЕВ   /Зылиқа ШҚ-ның төрағасы/

Зылиқа шаруа қожалығында 20-дан астам адам тұрақты жұмыс істейді.  Ал маусым кезінде олардың саны 150-дейін жетеді. Барлығы  айлықпен қатар, жиын терін кезінде картоппен де қамтамасыз етіледі. 

                                   НАЗЫМ ОРАЛБАЕВА   /Жұмысшы /                                               Елді-мекендерді аралап  жүрген аудан әкімі Зылиқа шаруа қожалығына да  арнайы ат басын тіреп, қойманың жағдайымен танысты. Көктемге   дайындық жұмыстарын сұрап, шаруашылық жеткшілерінің талап тілектеріне де құлақ асты. Үкімет жылдағыдай биыл да арзандатыылған дизель отындары мен минеральды тыңайтқыш бөледі. Енді тек  әрбір күнді  тиімді пайдаланып, жұмысты жандандыра түсу керек,- деді ол.

              НАРБАЙ ЕРГЕБЕКОВ    /Жуалы ауданының әкімі/                          Шаруашылықта көкөніс сақтайтын қойма да бар. Жалпы жеміс-жидек пен көкөністі сақтауда қойманың маңыздылығы зор.  Жергілікті халықтың сұранысы бойынша Зылиқалықтар енді тағы тағы бір қойма салуды жоспарлап отыр.  

БАҚЫТЖАН СОВЕТҰЛЫ АСҚАР ӘДІЛ «ЖАҢАЛЫҚТАР ҚЫЗМЕТІ»

   

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
18:46, 12 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...