ШҰҒЫЛ! ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ Толығырақ

ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫ ЕСЕП БЕРДІ

21:09, 5 ақпан 2019

Жамбыл облысында қаржы игеру жоспары жүз пайызға орындалып отыр. Ал жалпы алғанда қаржы саласында негізінен оң көрсеткіш қалыптасқан. Бұл туралы қаржы басқармасының басшысы мәлімдеді. Роза Исаева облыс әкіміне есеп беріп,  2018 жылы атқарылған жұмыстар барысымен таныстырды.

 Келтірілген мәліметке сүйенсек,  бюжет деңгейлері бойынша кірістерді орындау жөнінен Жамбыл облысы республикада  үшінші орында тұр. Оның ішінде біздің аймақ меншікті кірістердің өсімі жөнінен бесінші орынға тұрақтаған. Салықтық және салықтық емес, сондай-ақ өзге де салалар бойынша жоспар артығымен орындалыпты. Аудандар мен Тараз қаласы бюджет кірісінде 2017 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсу қарқыны бар.

Роза ИСАЕВА – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Басқарма тарапынан бюджет кірістерін ұлғайту бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілген. Басшы сондай-ақ, қазына қаражатының игерілу барысын да сөз етіп, бірқатар проблемалық мәселелерді де айтып өтті.  Мәселен, кейбір мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті автоматтандыру бағдарламасы енгізілмеген. Облыс бойынша көрсеткіш 73,5 пайыз болса, оңтайландыру жүйесімен жұмыс істеп отырғандары 56 пайыз ғана. Бұдан бөлек, осы мемлекеттік мекемелердің айлық, коммуналдық қызметтер, салық секілді түрлі қарыздары 421 млн теңгеге жетіпті. Талас ауданының өзінде білім қызметкерлерінің айлығына берешек қарызы 100 млн-нан асып түскен. Облыс әкімі мұндай қарыздар бойынша құзырлы органдарға жұмыс жасауды тапсырды. Сонымен қатар, бюджеттің тиімділігін арттыруға қатысты шаруаларды одан әрі де ширата түсу керектігін айтты.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Аймақ басшысы сондай-ақ, қаржы саласында орын алып отырған кейбір кемшіліктер бойынша тиісті шешімдер шығару қажеттігін ескертті. Қазына қаржысының мақсатты жұмсалуы, оның игерілуін қадағалау да қатаң бақылауда болуы тиіс. Бұл ретте аудан әкімдеріне кенжелеп қалған бағыттар бойынша тірлікті тиянақтау тапсырылды.  

 

А. Тілеуханқызы, Ө. Ыбыраев, М. Таубаев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
18:46, 12 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...