ШҰҒЫЛ! ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ Толығырақ

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ АХУАЛ

21:40, 30 сәуір 2019

Жамбыл облысында жылдық инфляция деңгейі 5 пайызды құраған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,3 пайызға төмен. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің Жамбыл облыстық филиалының директоры Евгений Шарыгин мәлімдеді.

 Ифляция аяқ алысын зерделеген мамандар азық- түлік бағасы 7,1 пайызға өскендігі байқалады дейді.  Сонымен бірге басқада тауарлар құны мен ақылы қызметтердің жылдық өсімі сәйкесінше 5,7 және 1,7 пайызды құрап отыр.

Евгений Шарыгин ҚР Ұлттық банкі ЖОФ  директоры

Осы жылдан бастап Ұлттық банк несие көлемін көбейтті. Үстіміздегі жылдың Қаңтар-   наурыз айлары аралығында Жамбыл облысы бойынша 50,6 мллрд теңге несие берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 35,3 пайызға көп. Сондай- ақ, несие порфелі арқылы 200 мллрд теңге беріледі. Оның 184 мллрды ұзақ мерзімді, 16 мллрды қысқа мерзімді несие

 «Коллекторлық  қызмет туралы» заң 2017 жылдан бастап қолданысқа енген.  Дегенмен, жеке коллекторллар жиі заң бұзады екен.   Олар борышкерлерге тіркелмеген телефондар арқылы сот және сотқа дейінгі органдардың қызметкері болып хабарласып, қорқыту-үркіту әрекеттеріне баратын көрінеді. Егер сіз осындай  жалған қоңырауларға тап болсаңыз, ұлттық банкке хабарласыңыз. Онда телефонмен сөйлесудің аудио жазбаларын тіркеу қарастырылады. Бұған қоса Қазақстан Ұлттық Банкіне онлаин түрінде байланысуға да мүмкіндік бар. Бірақ арыз беруші  тегі аты- жөнін және мекен жайын көрсету қажет.

Евгений Шарыгин

Қоңыраудың вйдио немесе аудио жазбасын жазып алуға борышкердің заңды құқығы бар.Сізге хабарласқан коллекторлық агенттік қызметкері бірінші өзінің аты жөнін айтып таныстыруы қажет, сонымен қатар сол коллекторлық агенттікке тіркелген мекенжайдан ғана қоңырау шалуға құқылы . Осындай мәліметтерді еліміздің әр-бір азаматтары біліп жүруге тиіс

Сондай- ақ мұндай жағдайда борышкерлер құқық қорғау орандарына жүгінуге құқылы.  Баспасөз маслихаты барысында «Қазақ Банкі» АҚ салымшылары 24 маусымға дейін, ал Астана Банкі үшін 27-ші шілдеге дейін төлем жасай алатыны  туралы да  хабарланды.

Қ.Байкүшіков

И.Гизатуллин

С.Тәжібаев

«Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
18:46, 12 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...