ШҰҒЫЛ! ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ Толығырақ

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ АХУАЛ ҚАНДАЙ?

19:49, 22 қаңтар 2019

Қазіргі уақытта қаржы нарығындағы ахуал қандай? Еліміз бойынша инфляция деңгейі қандай дәрежеде тұр? Сондай-ақ, мемлекеттік       7-20-25 бағдарламасының орындалуы туралы Ұлттық банктің аймақтағы филиалында өткен брифингте айтылды.

 Инфляция деңгейі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өсуіне байланысты болып отыр. Азық –түліктің әлемдік бағасы 6,6 % -артқан, сондай-ақ сыртқы экономикада талаптардың қатаңдығы осы инфляцияның төмендеуіне тікелей байланысты. Тұтынушылық кредиттеудің ұлғаюы байқалады. Ұлттық банктің аймақтағы филиалы директорының айтуынша «Астана Банкі» салымшыларының өтініштерді қабылдауды үстіміздегі жылдың 26 шілдеге дейін жалғасады.

Евгений ШАРЫГИН, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ / Кепілдікті өтемақы тек ұлттыө валюта да төленеді. Шетел валютасындағы салымдар ҚР ұлттық банкінің 2019-шы 9 қаңтардағы бағамы бойынша теңгеде қайта саналады. Өтемақыны төлеу 5 түрлі әдіспен жүзеге асырылатын болады.

«7-20-25» бағдарламасы шеңберінде аймақта екінші деңгейдегі банктерге 57 өтініш келіп түсіп, 408 миллион теңгеге 47 несие берілген. Өңірде он бесінші мөлтек ауданда 600-ден астам, Арай массивінде 200-ге жуық және жеке құрылыс компаниялары тұрғызған 160 көппәтерлі үйлер ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы бойынша беріледі. Баспанаға жол ашатын бастама халыққа 7 пайыз мөлшерлеме бойынша кредиттелетін тұрғын үй құнының 20 пайыз мөлшерінде бастапқы жарна, сондай-ақ 25 жылға дейін кредит мерзімін ұсынады.

 Нұрлан Берікбосынов/ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ  директорының орынбасары

 Бұдан бөлек, Ұлттық банктің аймақтағы филиалы ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап «Халықтан монета қабылдау» акциясын өткізеді. Тұрғындар айналымда жүрген кез-келген мөлшердегі ұлттық валютадағы теңге монеталарын қағаз купюраларға ауыстыра алады.

Данияр Асқарұлы

Тоқтар Терлікбай «ЖҚ»

 

 

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
18:46, 12 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...