ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙ

15:26, 6 маусым 2019

 Ағымдағы жылдың мамыр айында республикада жылдық инфляция 5,3 пайыз  деңгейінде қалыптасты, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 0,9 пайызға төмен. Яғни,  2019 жылға Ұлттық Банк белгілеген нысаналы индикаторға  сәйкес келеді. Қаржы нарығындағы қазіргі қалыптасқан жағдай, «7-20-25» бағдарламасының нақтылы кезеңде жүзеге асырылу барысы мен «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңға енгізілген кейбір өзгерістер мен өзде мәселелер Ұлттық Банктің Жамбыл облыстық филиалында өткен брифингте айтылды.

«7-20-25» бағдарламасының басталған сәтінен бастап өңірдегі серіктес банктеріне шамамен 2 млрд. теңгеге жуық сомасында 250 өтініш келіп түскен. Олардың ішінде жалпы құны бір миллиардқа жуық сома көлемінде  130 өтінім мақұлданып,  106 несие берілген.

Евгений ШАРЫГИН – ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ЖОФ ДИРЕКТОРЫ

Бұдан бөлек, бас банкир 1-ші шілдеден бастап «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы»  Заң күшіне енетінін жеткізді.  Заң Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне және «Хоргос» шекара маңы серіктестігі Халықаралық орталығы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру тәртібінде валюталық заңнамалардың жоспарлы түрде өзгерулеріне байланысты қабылданып отыр.

 Евгений ШАРЫГИН – ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ЖОФ ДИРЕКТОРЫ  /негізгі өзгерістерді атап айтар болсақ,  шетелдік ұйымдардың филиалдарын резидент ретінде қабылдау, валюталық операциялардың статистикалық мониторингпен қамтылуын кеңейту, оның ішінде валюталық реттеу режимдерін оңтайландыру арқылы; шетел валютасының Қазақстан аумағыдағы есептеулерде қолданылуын қысқарту, капиталды шығаруға бағытталған операциялар бойынша бақылауды күшейту, ел аумағындағы валюталық құндылықтар айналымының және валюталық операциялар резиденттерінің арасындағы рұқсат етілген тізім тәртібін нақтылау; сонымен қатар, осы Заңмен Ұлттық банктің шағын алтын құймаларын банктік емес айырбастау пунктеріне сатып алу және сату құқығы қарастырылған. Жалпы, бұл заңда валюталық реттеудің ықтиярлы қағидаттары барынша сақталған/.

Валюталық заңнаманың нормативтерін егжей-тегжейлі түсіндіру үшін 13 маусымда арнайы семинар ұйымдастырылады, онда осы заң шеңберінде өздерінің қызметін табысты жүзеге асыру үшін сала мамандарына пайдалы ақпараттар ұсынылады.

А. Тілеуханқызы, Р. Сандыбай, «Жаңалықтар қызметі»

 

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар