«Қазақстанның үздік тауары-2017» өңірлік көрме-байқауы

20:01, 23 маусым 2017

Жергілікті кәсіпорындар жұмысының белсенділігін күшейтіп, нарықта бәсекеге қабылетті отандық өнімдер қатарын арттыру мақсатында жыл сайын өткізілетін «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы биыл да ұйымдастырылды. «Тараз-Арена» спорт кешенінде аймақтағы өндіріс-кәсіпорындар өз өнімдерін ел назарына ұсынды.

 «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бастамасымен осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан өңірлік көрме-байқауға облыстан  104 кәсіпорын қатысты. Олардың қатарында өз кәсібін жаңадан бастағандары да бар. Былтырғы жылы бұл көрсеткіш небәрі 72 болатын. Қуантарлығы, жыл сайын байқауға қатысушылар саны артып келеді.  Бұл -кәсіпкерлік саласына мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған жан-жақты қолдаудың нәтижесі, дейді ұйымдастырушылар. Көрменің ашылу салтанатында аймақтағы шағын және орта бизнестің дамуына өзіндік үлесін қосып отырған бизнес өкілдерін облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымов құттықтап,  сәттілік тіледі. Сонымен қатар, бірқатар жеке кәсіп иелері марапатталды.

Мәріпбек Шәкірбек,  Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры /Былтырға қарағанда, олардың сапалары, технологиялары, инновациялық дамуы жағынан олар бәсекеге қабылетті. Сондықтан, мен ойлаймын, қазіргі уақытта біздің облыстың сауда орталықтарында тұрған шетелдік тауарлармен біздің тауарларымыз бір деңгейде тұрады деп есептейміз. Отандық өндірушілер, қазіргі қатысып отырғандары 300-ден астам тауар түрлерін ұсынып отыр/

Осы көрме-байқау аясында Іскер әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкер әйелдердің «Жыл жаңалығы» байқауы да ұйымдастырылды. Сондай-ақ, отандық тауар өндірушілер «Жамбыл өнімдері» жәрмеңкесінде өз өнімдерін келушілер назарына ұсынды.

Дана Қойшығара, жеке кәсіпкер

 /бүгінгі көрмеге біз бірінші рет қатысып отырмыз. Бүкіл ассортиментімізді  алып келдік. Былтыр облыстық конкурсқа қатысып, грант жеңіп алдық. Содан бері 1 жылдан жұмыс істеп кенлеміз. Жаңа туылған балаға арналған заттар тігеміз. Кәсіпкерлерді қолдап, өткізіліп жатқан осындай іс-шаралар бізге көмегін тигізеді және көбірек болса/.

Байқауға қатысушы кәсіпорындардың өнімін бағалайтын сарапшы топ республикалық байқауға қатысатын үздік тауар өндірушілерді анықтады. «Қазақстанның үздік тауары-2017» көрме-байқауының  «Өндірістік мақсаттағы ең үздік тауар» номинациясы бойынша бірінші орынды «Қазфосфат» ЖШС, екінші орынды «Тараз инвест компани» ЖШС, ал үшінші орынды Тараз металлургия зауыты иеленді.  «Халыққа арналған ең үздік тауарлар»  бойынша «Айвенго» ЖШС, «Айналайын» жеке кәсіпкерлігі мен «Аленсия» ЖШС танылды.  «Ең үздік азық-түлік тауарларының» қатарына «Рола-7», «Әулиеата-Феникс» және «Севиль-Мерке –Строй » серіктестігінің өнімдері жатқызылды. Сондай-ақ, «Жыл жаңалығы»кәсіпкер әйео\лдер арасындағы байқауда да жеңімпаздар анықталып,  марапатталды.  Барлық талапқа жауап беретін,  үздік деп танылған тауар өндірушілер енді республикалық байқауға қатысады.

Аягөз Тілеуханқызы, Руслан Бегалы, Ерболат Дәулеталиев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Шу өңірі  астық комбайндарын  шығара бастады
17:21, 4 тамыз 2016
Шу өңірі астық комбайндарын шығара бастады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
15:57, 19 қыркүйек 2017
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
Толығырақ...