ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ТИІС

20:30, 12 маусым 2018

Жыл сайын әлеуеті артқан Әулиеата өңірінде келер жылы да қыруар шаруа қолға алынады. Халықтың игіліне айналатын әлеуметтік нысандар бой көтеріп, тұрғын үй кешендері салынбақ. Ең бастысы осынау шаруаны қаржыландыратын республикалық бюджетке өтінімдер берілуі керек. Әрі оның жоғары да көрсетілген мақсаттарға сай бөлінуіне салалық басқарма басшылары мүдделі болғаны абзал. Облыстық әкімдікте өткен жиында өңір басшысы  республикалық бюджетке өтінімдер беру жұмыстарында  аталмыш жайттарды қаперде ұстауға шақырды.Жалпы, облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасымен келер жылы республика бюджетінен қаржыландырылатын 24 жоба ұсынылған. Алайда, олардың көбі жан-жақты талдау мен нақтылауды қажет етеді. Бұл орайда, облыс әкімі басқарма басшысына тиісті қаражаттың бөлуіне мүдделі мемлекеттік мекемелермен бірлесе жұмыс жасауды тапсырды. Алайда, басқарма басшысы аймақ тұрғындарының қажетіне жарайтын құрылыс нысандарына республика бюджетінен қаражат қарастыру жұмыстарына аудан әкімдерінің атүсті қарайтындығын тілге тиек етті. Сәйкесінше, өңір басшысы бұл бағыттағы жұмысты әлі де жетілдіре түсіп, жобаға өтінім беруге көз жұма қарағандарды жазасыз қалдырмау қажеттігін айтты. Алдағы уақытта өңір экономикасының өзге салалары бойынша  жүргізілетін жобаларға өтінімдер берудің барысы облыс басшысымен талқыланатын болады.

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар