ШҰҒЫЛ! ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕР ЖОЛЫ – КӨПКЕ ҮЛГІ

19:25, 23 қаңтар 2019

«Бизнестің жол картасы -2020» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты бойынша 10 млн. теңгеге дейін несие алуға болады. Ол өзінің шағын бизнесін одан ары дамытамын деген жеке кәсіпкерлерге беріледі. Осындай мүмкіндікті пайдаланып отырған жандардың бірі Талас ауданы Қаратау қаласының тұрғыны Нұрбол Байжанов.

Нұрбол Байжанов 5 жылдан бері үйге қажетті жихаз бұйымдарын жасаумен айналысып келеді. Алғашында есігінің алдындағы аядай ғана цехтан бастаған жеке кәсіпкер, өз үйінің жертөлесінде де жұмыс істеді. Алайда, ол кезде болашақта осындай үлкен дүкен саламын деп ойламағанмын дейді. Мемлекеттен 19 пайызбен алған 9 млн. теңге несиенің 10 пайызын бүгінде мемлекет субсидиялап отыр.

Самат МОЛДАШЕВ АҒА ШЕБЕР

 Жеке кәсіпкер дүкен қасынан жихаздар дайындайтын цех ашқан. Онда Қаратау қаласының 10 азаматы жұмыспен қамтылды. Негізінен тұрмысқа қажетті бұйымдарды тапсырыспен қабылдайды. Екінші деңгейлі банктер арқылы несиеге де береді. Бұл халық үшін тиімді болып отыр.

Жазира БАЙЖАНОВА САТУШЫ

Нұрбол Байжанов мұнымен тоқтап қалмайтындығын айтады. Мемлекеттен қолдау болса, алдағы уақытта қазіргі дүкенін үлкейту жұмыстарын жүргізеді. Ол үшін бүгінде екінші қабатының құрылыс толық аяқталды. Енді ішін жөндеуді жоспарлап отыр.

Ауданбек ТАУАСАРОВ ТАЛАС АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Шағын және орта бизнесті мемлекет тарапынан қолдау жұмыстары әле де жалғаса береді. Өйткені, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы 2025 жылға дейін созылатын болды.

Айбол ҚАРАШ «ЖҚ»

 

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
18:46, 12 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...