ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛІК: БҮГІН ЖӘНЕ ЕРТЕҢ

14:55, 19 ақпан 2019

Кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдауды автоматтандыру 2019 жылы, яғни биылдан бастап қолданысқа енеді. Цифрлық Қазақстан бағдарламасы аясында қолға алынатын жоба бір терезе жүйесі арқылы іске асып, қағазбастылық жойылмақ. Ал, Жамбыл облысында бұл жобалар қалай жүзеге асып жатыр? Онлайн төлем жасау тұтынушыларға қаншалықты қолайлы. Бұл туралы алдағы бейнематериалда.

Жамбыл облысында шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 63 мыңнан асты. Аймақта 2018-ші жылы кәсіпкерлік саласында жұмысқа қамтылғандардың саны 5,9 процентке артып,  127 мыңнан асқан. Бұл бизнес өкілдерінің қатары жыл санап артып келе жатқаның көрсетеді. Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан тағы бір қолдау жасалмақ. Үстіміздегі жылы үкімет салық амнистиясын жүргізіп, 117 млрд теңгені кешіруге әзір. Бастысы кәсіпкерлер биылғы жылдың соңына дейін негізгі қарыздарын төлеу керек.

Өмірзақ Қоспанов / Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы  / Бұл жеңілдіктер 2018-ші жылдың 1-ші қазанынан бастап, ағымдағы жылдың 31-ші желтоқсанына дейін жалғасады. Кәсіпкерлер осы айтылған уақыт ішінде өз салықтарының негізгі бөлігін ғана төлейді. Оған қоса қазіргі уақытта біз 63 бағыт бойынша онлайн кассалық аппараттарын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл кезең-кезеңмен жүзеге асады.

Бұдан бөлек, қазіргі уақытта Жамбылдық кәсіпкерлердің бірқатары заман талабына сай онлайн-кассалық аппараттарына көшуде. Мұның артықшылығы бірінші кезекте қызмет көрсетушінің де, тұтынушының да уақытын үнемдейді. Ал, мемлекетте түсетін салық көлемінде бірден анықтап, электрондық түрде салық органдарына жолдап отырады.

Наргиза Сембаева / «ЭЛЬБА» ЖШС –нің өкілі / Бизнес өкілдері өз қаржыларын онлайн режимде қадағалап бақылап отыруы өте жеңіл. Ол үшін арнайы кассалық аппарат сатып алу қажет. Осының нәтижесінде интернет арқылы сатушылардың қанша қаржыға сауда жасағаның көруге болады. Бұл бірінші кезекте қағаз бастылықтан арылуға мүмкіндік береді. Және уақытты үнемдейміз.

Сондай-ақ, елімізде кәсіпкерлердің құқын қорғау үшін түрлі бағдарламалар іске асырылып келеді. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аймақтағы филиалына арыз-шағым айтып келетін кәсіпкерлердің басым бөлігі мемлекеттік қызмет саласында және жер телімі бойынша орын алатын мәселелерге тап болатын көрінеді.

Индира Молдабекова /  «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ЖОФ бөлім басшысы  / Соңғы уақытта кәсіпкерлер өздеріне кездесетін мәселелерге жиі ұшырайтыны жасырын емес. Мұндай сәттерде дөңгелек үстелдер өткізіп, біз оларға қажетті қолдау кеңес беріп отырамыз.  Ал, олардың істері сотқа өткен болса арнайы мамандарымыздан заң аясында кеңес алуға блады.

Алдағы уақытта кез келген шағын және орта бизнес өкілі қажетті қызметті электрондық форматта алуға мүмкіндік алады. Бұл кәсіпкерлер тап болатын бірқатар мәселелерді шешуге өз септігін тигізетіні анық. Сонымен қатар үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап салық нормаларын бұзғандардың заң алдындағы жауапкершілігі арта түсті. Оларға салынатын айыппұл көлемі де жоғары болмақ.

Данияр Асқарұлы

 Рамина Мырзалимова  Ғани Айдарқұлов   «ЖҚ»

 

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар