ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛІККЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КЕРЕК

19:15, 23 қаңтар 2019

Жамбыл облысында былтыр өнеркәсіп саласында 396 млрд. 200 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, жоспар 102 пайызға орындалды. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі  280 млрд.800 млн теңге. Аймақта өткен жылы химия, металлургия машина жасау және жеңіл өнеркәсіпте айтарлықтай өсімге қол жеткіздік. Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың алдында есеп берген кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы саладағы табыстар мен кемшіліктерді атады. Жиында өңір басшысы кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейтудің жолдарын көрсетіп берді. Ең маңыздысы –аймақта әр бизнес субъектілері мен жаңа кәсіп ашуға ниет білдіргендер жайында толыққанды мәлімет базасын жасақтауды ұсынды.

Жалпы алғанда, басқарма тарапынан атқарылған жұмыстар аз емес. негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі бойынша жоспар екі млрд 314 млн. теңгеге асыра орындалыпты. Өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция 1,7 есеге артқан. Салада әкімдік тарапынан берілген тапсырмалардың орындалмағандары да бар. Мәселен, өңдеу өнеркәсібі экспортының өсімі 2018 жылы 80 пайыз деп жоспарланғанымен, небәрі 38,1 пайызды құрап отыр. Яғни, 61,9 пайызға төмендеп кеткен.Барлық сала бойынша өнім көлемін арттыру бағытында белгіленген  жоспарды Меркі, Жамбыл, Сарысу аудандары мен Тараз қаласы орындай алмаған. Облыс әкімі бұл ретте ауданның экономикасын көтеріп, межеленген индикаторды орындау үшін ұсынылған жобаның маңыздылығына талдау жасаудың маңыздылығын атап өтті. Ал талдаудың қорытындысы бойынша анықталған жобаларды қаржыландыру жағын қарастыру қажеттігін айтты.  Тағы бір назар аударатын нәрсе, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының тиімділігін тиісті деңгейде жүргізе алмай отырмыз. Бизнесін бастаймын дегендерге  қаржылай қолдау құралдары бойынша аталған бағдарлама аясында мемлекеттік кепілдік беру арқылы несиелендіру көрсеткіші төмен. Нақтырақ айтқанда, 6 пайызбен кредит ала алмай жүргендерге қолдау жоқ. Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының іске асырылу барысы да осыған ұқсас. Мәселен, бағдарлама шеңберінде 105 жоба былтыр жоспарланған болса, оның нақты несиелендірілгені небәрі 46. Жартысына да жетпейді. Асқар Мырзахметов, басқарма басшысына осы аталған кемшіліктерді ескере отырып, биылғы жұмыс жоспарын басқаша қалыптастыру қажеттігін тапсырды.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ /цифрды алып қараған кезде ол орындалуы мүмкін, бірақ ауданның экономикасын алға  жылжытуға қарсы қаншалықты жоба бірінші кезектегі дүние? Ол жерде алдымен не істеуіміз керек, барлық күшті салып? Қандай өңдеу өнеркәсібін ашуымыз керек? Я болмаса қолданыстағыны қалай кеңейтіп, дамытамыз? Ондай сұрақты ешкім қойып отырған жоқ. Дұрыс айтады, 100 пайыз шешілмейді. Бірақ бізде соның талдауы, соған ұмтылыс пен соған бағытталған жұмысты ұйымдастыруымыз керек қой әр жылы/.

Арнұр МҰХАМЕДЖАНОВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Жиында сондай –ақ, кәсіпкерлер мен инвесторларға қолдау көрсету орталығының бір жылдық есебі мен алдағы жоспары тыңдалды. Орталық биыл 16 индикатор, 13 бағыт, 17 жоба, 60 бастама және 313 іс-шараларды жүзеге асырамыз деп отыр. Құны 114,1 млрд теңге болатын 22 жобаны іске асырмақ ниетте. Оның үшеуі шетелдік инвесторлардың қатысуымен. 

Дамир ЕГІЗБАЕВ – ИНВЕСТОРЛАР МЕН КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ /Мы взяли на сопровождение более 100 проектов и помогаем предпринимателям  в реализации проекта. Допустим, чтобы предприниматель, бизнесмен смог реализовать крупные инвестпроекты в ЖО, он должен обойти до 14-ти госорганов. Управление земельных отношений, управление архитектуры, миграционная полиция, если та допустим,  иностранная рабочая сила, акимат районов, и.т.д. чтобы человек не терял время и не путался, был создан ЦОИП. В прошлом году мы помогли 15-ти проектам на сумму 40 млрд. тенге, открыть свое производство в области. В следующем году у нас запланировано не менее 15-ти проектов на более 50-ти млрд тенге.  привлечение иностранной  рабочей силы-это длинный запутанный процесс. Мы им объясняем, разъясняем, куда ходить, как ходить. Вместе с ними ходим по другим компаниям, заявки вместе пишем на получение субсидий, любой может обратиться мы можем вместе помочь им как правильно оформить на получение кредитов и субсидий/.

Аймақта индустриалды аймақ құру мәселесі әлі күнге шешілген жоқ. Кәсіпорынның қуаттылығы, мүмкіндігі, проблемасы, оны шешу жолдарына баса мән берілуі тиіс, деді әкім. Ең маңыздысы, облыста кәсіпкерлерге қатысты дерекқор құрып, базасын жасақтау тапсырылды. Онда әр бизнес субъектілері жайында толыққанды мәлімет пен кәсіп бастаймын деушілер жайында деректер қамтылуы тиіс. Осы іспен неғұрлым ертерек айналысу міндеттелді. Базарлар, заңсыз сауда орындары мен қала көшелерінде біртипті дүңгіршектер қою сынды мәселелер күн тәртібінен түспек емес. Бұдан өзге басқарма мен кәсіпкерлік саласына қатысты құзырлы мекемелерге бірқатар хаттамалық тапсырмалар жүктелді.

А. Тілеуханқызы, Ө. Ыбыраев, М.Таубаев, «Жаңалықтар қызметі»

 

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
19:09, 12 тамыз 2019
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА МАМАН ТАПШЫ
18:14, 13 тамыз 2019
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА МАМАН ТАПШЫ
Толығырақ...