ШҰҒЫЛ! ТАРИХ – МӘДЕНИЕТ – ТУРИЗМ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ

20:30, 11 мамыр 2018

Жыл басында облыс басшысы Жамбыл облысында кәсіпкерлік пен өнеркәсіп саласын дамытудың арнайы жол картасын әзірлеу керектігін тапсырған болатын. Осыған байланысты қазір тиісті басқармалар мен  «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы облыстық  филиалымен жүйелі жұмыстар жүргізуде. Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалымен өткен жиында осы жұмыстардың барысы қаралды.Жамбыл облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бірлескен жұмыстар нәтижесінде 32 серіктестік анықталып, бүгінгі таңда олардың 27-не нақты қандай көмек керек екендігі белгілі болды. Бизнеспен айналысамын деушілер көп жағдайда жер мәселесінде, шикізат пен мамандар тапшылығы бойынша кедергілерге тап болады екен. Әйтпесе, кәсіп иелерінің нәсіп табуға деген құлшынысы жоғары. Мәселен: бір ғана Сарысу ауданындағы «Асыл Тұз» кәсіпорынының зауыты бар. Бірақ, оған жерді жекеменшікке алып алған шаруалар шикізат алуға рұқсат бермей отыр. Өзге аудандарда да осыған ұқсас жағдайлар жеткілікті. Өз ішіміздегі осындай кедергілерді тез әрі заңға сәйкес реттеу керек деді облыс басшысы.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ (Құжаттарды көтересің, ережеде ол енгізілмесе, шұғыл түрде өзгеріс енгізесің. Айталық, жер қойнауын біреуге берген кезде міндетті түрде ол жерде талап болу керек. Ол алған жерге зауыт қою керек, егер қоймаса келісімді үзесің. Оны басқа жұмыс істейтіндерге бересің. Құжатта солай қосымша жазылуы керек. Оның барлығы облыс көлемінде шешілетін жұмыс. Ол өзіміздің ережеміз)

Назар аударатын тағы бір маңызды мәселе. Осы жиында облыс әкімі тиісті басқарма басшыларын кәсіпкерлік нысандарын қаржыландырар алдында ол нысанның ары қарай жұмыс істеп кету мүмкіндігін де ойлау керектігін айтты. Әйтпесе, ақша бердік, оны игердік деп айта салу оңай.  Есесіне, бюджеттен қаржыландырылған әр кәсіпорын облысқа пайдасын тигізіп, одан ары табысты жұмыс істеп кетуі керек деді аймақ басшысы. Жиын барысында ауылшаруашылығы саласындағы қаржыландыруды қажет ететін ірі-ірі жобалар да таныстырылды. Мәселен: қазір Бахрейн мен Иранға тонналап ет өткізетін «Меркі ет комбинаты» модернизациядан өту үшін көмек сұрап отыр. Сонымен қатар, бұл тізімде «Тараз қант зауыты» секілді облыстағы үлкен серіктестіктер бар.  

Берік НЫҒМАШЕВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ (Меркі ет комбинаты 1000- бас қой мен 700 бас ірі қара алып жатыр. Сондықтан оларға шаруашылықты үлкейту керек. Ақшаны сұрап отырғаны да сондықтан. Егер, олар ұлғайса ет бағытындағы жұмыстары жанданады)

Шағын және орта бизнесті дамыту басты назарда. Сондықтан бұл саладағы басым бағыттар күн тәртібінен түспейтін болады.

Айбол ҚАРАШ

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар