ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА ЖАҢА ЖҮЙЕ КЕРЕК

20:30, 2 сәуір 2018

Жамбыл облысында кәсіпкерлік пен өнеркәсіп саласын дамыту үшін арнайы жол картасын әзірлеу ТАПСЫРЫЛҒАН БОЛАТЫН.  оСЫыған байланысты АРНАЙЫ САРАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН.  «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасы облыстық  филиалы ӨКІЛДЕРІ  облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалымен өткен жиында осы жұмыстардың барысыН БАЯН ЕТТІ. «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасының облыстық филиалы жұмыс істеп тұрған 628 кәсіпорынды анықтапТЫ. Олардың 445-інде проблема жоқ деп шешкен. Ал, 32 – серіктестік қаржыландыруды қажет ететін кәсіпорындар ретінде жоспарға енген. Бұл облыс әкімінің тапсырмасына сай жүргізіліп отырған жол картасы шеңберінде жүзеге асырылып отырған шаруа.

Мәріпбек ШЕКЕРБЕК «АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПАЛАТАСЫ ЖОФ ТӨРАҒАСЫ (Біз барлық жұмыс істемей тұрған, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар ішінен 628 ін таңдап алып, оларды үш топқа бөлдік. Ендігі бағытта жол картасына сай осы бағытта жұмыс істейміз. Картаға сай әр саланың бекітілген адамдары болады. Бұл экономиканы әртараптандыру үшін қажет)

Алайда, облыс басшысы кез келген кәсіпорында қаржыландырудан басқа да проблемалардың  болатындығын айтты. Сондықтан да тізімде көрсетілген 445 кәсіпорынның алдағы уақытта қазіргі  жәй күйін жіті тексеріп, зерделеу керек. Мәселен: осы кездесудің өзінде өндіріс бойынша «Казфосфат» ЖШС-інің, жеңіл өнеркәсіпте «Айвенго» компаниясының бірқатар шешуге тиісті мәселелері БАР ЕКЕНІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ.

Любовь ПОПОВА «АЙВЕНГО» ЖШС ДИРЕКТОРЫ (Бүгін облыс әкімімен кездесіп Жамбыл облысындағы жеңіл өнеркәсіп саласында қордаланған мәселені айттым. Бізде қазір осы бағытта жұмыс істейтін 15 компания бар. Асқар Исабекұлы өңірдің экономикасын қайта қалпына келтіру үшін жол картасын әзірлегендігін айтты. Бұл қуанарлық жағдай. Біз кәсіпкерлерге мүмкіндік берсе, жаңа жұмыс орындарын ашуға дайнбыз)

САЛАНЫ ДАМЫТУ  күн тәртібінен түспейтін тақырып болу керек. Жиын соңында облыс әкімі Асқар Мырзахметов жол картасы бойынша тізімге енбей қалған басқа да кәсіпорындарды анықтап, жұмысТЫ  жүйеЛЕУ  үшін 10 күн уақыт берді.

Айбол ҚАРАШЕВ

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ  ЖЕТІСТІГІ
21:40, 15 қараша 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Толығырақ...
ҒЫЛЫМИ - ТӘЖІРБИЕЛІК АЛАҢНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
19:00, 11 қараша 2019
ҒЫЛЫМИ - ТӘЖІРБИЕЛІК АЛАҢНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
Толығырақ...