ШҰҒЫЛ! ТАРИХ – МӘДЕНИЕТ – ТУРИЗМ Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР ҚЫЗМЕТІН ЖАНДАНДЫРУ КЕРЕК

20:30, 7 маусым 2018

3 жылдан бері жырға айналған қоғамдық көліктерде зағиптарға  тегін жолдама беру мәселесі шешімін тауып,соңғы нүктесі қойылды. Бүгін үкіметтік емес ұйым өкілдерімен облыс әкімдігінде өткен жиында мәселенің жігі ажыратылып, аймақ басшысы Тараз қаласы әкіміне проблемалық сауалды созбақтамай, дәл бүгін шешу керектігін қадап айтты. Енді билік пен үкіметтік емес секторлар арасында тығыз байланыс орнатып, бірлесе жұмыс жасауды жандандыра түсу көзделіп отыр.

Бас-аяғы өңірде  753 үкіметтік емес ұйым бар болса, оның 400-і ғана іс жүзінде. Қаржыландыруға өткен жылы аймақ қазынасынан 700 млн теңге жұмсалса, биыл қаражат 30 млн-ға артқан. Саны бар десек те сапасы сын көтермес секторлардың жұмысы, қомақты қаржыны қанжығалайтын ұйымдардың шапағаты кімге тиіп жатыр? Ал ілкімді бастамасы бар, белсенді қызмет қылғысы келетін бірлестіктер қызметіне не әлде кім кедергі келтіруде? Міне, осы проблемалық сауалдар бүгінгі жиында майшаммен қаралды.

бірнешеуінің сұрақ-ұсыныстары

  1. Біздің облыста қазір тәртіптік кеңесі бар,қоғамдық кеңес те бар. Енді бір жетпей тұрғаны  көркемдік кеңес керек сияқты.....
  2. Тапсырыс берушілердің тарапынан санға емес, сапаға мән беру мәселесін қозғағым келіп отыр. Неге десеңіздер биылғы жылы әлеуметтік тапсырыстардың техникалық ерекшелігін қарайтын болсақ берілген қаражатқа екі есе іс-шараларды сұрайды

 

  1. Бәрі бірдей жұмыс істемейдіғой. І топтағы мүгедек төсек тартып жатқан, соның қараушысына небәрі 8-ақ мың жалақы төленеді. Ол күніне 7 сағат қарайды

Көпшілікті  толғандыратын тірлік көп. Барлығы дерлік аймақ, қалаберді ауылдардың әлеуетін арттырып,қоғамды рухани және мәдени тұрғысында дамытуға ниеттіміз дейді.  Алайда қол қысқа, салдарынан мүмкіндік аз. Сондықтан үкіметке алақан жая бермей жергілікті кәсіпкерлер қолдау білдірсе делінді. Қалтарыста қалып қойған өзекті проблемалар да талқыға салынып, азаматтардың базынасы да назарға ілікті.  

Мүмкіндігі шектеулі азамат

біз көз мүгедектері ақшаны көрмейміз. Уақыт санай алмаймыз. Мынау автобустар кетіп бара жатып, уақыт жоқ деп мүгедектерді түсіріп тастаған жағдайлар болады, итеріп тастайды. Оның бәрін білесіздер. Тегін істеп бер деп жатқан жоқпыз. Ең болмаса өз ақшамызға сатып алайық. 5000 болса да, 3000 болсын. Енді сол карточканы көрсетіп, елдерге автобустан құлап масқара болмайық деп біз сіздерге соны сұрап отырмызғой. Басқа қалалардар шешімін тауып қойған, неге бізде болмайды /

Кенжебек Олжабай/ Тараз қаласы әкімінің орынбасары

Енді бүгінгі таңда ондай арыз-шағым жоқ Асқар Исабекұлы.

Асқар Мырзахметов/ Жамбыл облысының әкімі

бірдеме десе бірдеме, мәселені шешудің орнына әйтеуір бір жауап беру. Мына мәселені шешу керекқой. Бүгінгі хаттамаға тікелей қала әкіміне тапсырма беремін. Шешсін! Ешқандай комментарий керек емес

Шешілмейтін мәселе жоқ, тек орайын тапса болғаны. Бірақ біздің шенділер түйіткілдің түбіне үңілгенше, жылы жауып қойғанға үйренген.

Асқар Мырзахметов/ Жамбыл облысының әкімі

Әрбір басқарма, өзінің саласына қатысты мынау ҮЕҰ тығыз қарым-қатынаста болатын болса, мұндай сұрақтар болмайтын еді. Тек қана қағаздарғыны оқып бере қоймай, анау жағдайға адам деген кішкене басқа көзқараспен қарау керекқой, адами тұрғыда. Егер солай болғанның өзінде қосымша өз тарапымыздан көмек болатын болса, соны қарай керек. Тек бұйрықты оқып бере салмай.

Сонымен қатар,  аймақ басшысы бірқатар ұсыныстарға қолдау білдіріп, уақыт оздырмай бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Еңбегімен озып, ерекшеленгендерге сыйақы берілуі  бек мүмкін.

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар