ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

Мүлікті заңдастыру науқаны жоспарлы жүргізілуде

15:17, 20 шілде 2016

      Елімізде 2014 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап «Мүлікті жария ету» акциясы іске қосылды. Жамбыл облысын да науқан қызу жүріп жатыр. Нәтижесі де жаман емес. Республика көлемінде мүлікті жариялаудан аймақ алдыңғы бестікке кіреді. Сондықтан комиссия өкілдері жыл соңына дейін өңірде бұл жұмыс өз нәтижесін беріп, бекітілген тапсырма толық орындалады деген сенімде.

     Мемлекет мүлкі мен қаржысын жасырған ел азаматтарына үлкен мүмкіндік әрі жеңілдік жасап отыр.Сондай-ақ, әлемді дағдарыс шарпыған тұста еліміздің қазіргі экономикалық жағдайының құбылмалы кезеңіндегі қолға алынған құптарлық жәйт. Өйткені бұл игі бастама отандық экономиканың ішкі капиталын көлеңкеден алып шығуға қажетті қосымша көмек болмақ. Мәселен, Тараз қалалық мемлекеттік кірістер басқармасына  жыл басынан бері 30 азамат қомақты қаржысын жария етуге өтініш білдірген.  Оның ең азы 10 млн теңгеден басталып, 2 млн АҚШ доллары бар шаһар тұрғындары да кездесті. Бүгінде барлық қаржы заңдастырылып, жалпы соммасы 4,4 млрд теңгені құрады.

     Ерлан Абсатаров, «Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының» жетекші маманы /Мұның барлығы салықтық құпия болып табылады. Жария етілген қаражаттың барлығы Қазақстан көлемінде екінші деңгейлі банктердің шотында жатыр. Ал шетелдегі мүлік немесе қаржыны заңдастыру әлі тіркелмеді. Дегенмен, ақпар алуға келетін азаматтар өте көп. Оларға айтатынымыз, еш қорықпай мемлекет мүмкіндік беріп отырғанда пайдаланып қалған жөн. Алда 2017 жылы жаппай декларация тапсыру міндеті тұр /

     Жыл басынан бері Тараз қалалық комиссия орталығы 1748 мүлікті заңдастырса, 69 азаматтың өтініші қажетті құжаттардың толық болмауына байланысты қайта қайтарылған. Жария етілген 1336-ы тұрғынжай, 662-і қосымша соғылған құрылыс нысандары және 154-ы коммерциялық ұйымдар болып табылады. Жалпы құны 16 млн-нан астам. Бұл көрсеткіш өзге өңірлермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Астана және Алматы қалаларынан кейін көш бастап тұр. 

     Ерқанат Бақриденов, «Мүлікті жария ету жөніндегі Тараз қалалық комиссия» хатшысының көмекшісі /Науқан соңына таяп қалғасын, өтініш берушілер саны біршама азайды. Комиссия айына тек шамамен 40-50 өтінішті ғана қарайды. Егер өтінім берушілердің белгіленген құжаттар тізімі толық болмаған жағдайда, өтініші кері қайтарылады. Мұндай біздің тәжірибемізде 70-ке жуығы кездесті. /

     Мүлікті жария ету бағдарламасы  – тұрғындарға берілген үлкен жеңілдік болып отыр. Сондықтан мамандар азаматтарға уақыт созбай мүмкіндікті пайдаланып қалған жөн деген кеңес береді. Естеріңізге сала кетсек, құжат қабылдау рәсімдері  30 қарашаға дейін жүргізіледі.

Гаухар Рысбай, Руслан Бегалы

 «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар