ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

Мүлікті жария ету акциясы жалғасуда

17:37, 1 тамыз 2016

     Қазақстандағы мүлікті жария ету акциясы жалғасуда. Ол үшін, кез келген азамат әкімшілік жанынан құрылған комиссияға немесе мемлекеттік кірістер органдарымен байланысуы керек.

      Азаматтар әкімшілік жанынан құрылған комиссияға барып, Қазақстан аумағындағы бұрын – соңды тіркелмеген жылжымайтын мүліктерін қалай заңдастыруға болатыны туралы ақпарат ала алады. Барлық мүліктер, мейлі ол ақша, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі,  Қазақстандағы немесе шет елдегі жылжымайтын мүліктері болсын. Заңды тұлға тұрғылықты мекен жайы бойынша мемлекеттік кірістер органдарына барып, осы аталған иелігіндегі мүліктерді заңдастыруына мүмкіндігі бар.  

      Разия Сарсенбаева, «Жамбыл облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің» бас маманы

     Бүгінге күнгі дейін әкімшілік жанынан құрылған комиссияға  құны 39 миллиард 500 миллион болатын жылжымайтын мүлікке қатысты 7511 өтініш келіп түсті. Оның 7062-сі заңдастырылды. 43 декларация қабылданды. Оның ішіндегі 42 декларация 5 миллиард 740 миллион теңгені заңдастыру болса, Біреуі, құны 7 миллион теңге болатын жылжымайтын мүлікке қатысты/.

      Қолыңыздағы қаражатты екі түрлі әдіспен заңдастыра аласыз. Біріншісі: Банктегі шотыңызды көрсетіп, керегіңізге жарата бересіз. Жеке кәсіпке саласыз ба, жылжымайтын мүлік сатып аласыз ба, ақшаны толық шешіп аламын десеңіз де өз еркіңіз. Және бұл әрекеттер ешқандай төлемсіз жүзеге асады. Ал, заңдастырудың екінші әдісі - осыған кереғар. Шет елдегі немесе қолма-қол айналымдағы ақшаңызды  банктегі шотыңызға аудармай-ақ, жария ететін қаржының көлемін құжатта көрсетсеңіз болғаны. Бұл жағдайда сізден бюджетке  10% дық төлем алынады.

     Рауан Қуаныш, «Тараз қалалық  мемлекеттік кірістер басқармасының» бөлім бастығы

      Қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасына 1692 өтініш келіп түскен және 7,6 миллиард теңге жария етілді. 5 миллиард теңгеге 31 декларация қабылданды.

      Өз мүлкін немесе ақшасын рәсімдеушілердің алаңдауына негіз жоқ. Себебі, жария етілген мүлік және оны жария еткен тұлға туралы мәліметтер құпия сақталады. Сонымен қатар, заңдастырылған мүліктерге мемлекет кепілдік береді. Мүлікті жария ету акциясы жыл соңына дейін жалғасатынын тағы бір рет естеріңізге саламыз.

Қымбат Қаржауқызы, Бекжан Сабыржан, Ержан Құдияр «Жаңалықтар қызметі»
 

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ  ЖЕТІСТІГІ
21:40, 15 қараша 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Толығырақ...
ҒЫЛЫМИ - ТӘЖІРБИЕЛІК АЛАҢНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
19:00, 11 қараша 2019
ҒЫЛЫМИ - ТӘЖІРБИЕЛІК АЛАҢНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
Толығырақ...