ШҰҒЫЛ! ТАРИХ – МӘДЕНИЕТ – ТУРИЗМ Толығырақ

ОБЛЫС БАСШЫСЫ МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

20:30, 29 наурыз 2018

Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті.  Кездесу барысында халық қалаулыларына өңірдің мәдениет, білім мен әлеуметтік саласында атқарылып жатқан жұмыстар таныстарылды.

 Негізінен облыс бюджетінің ауқымды бөлігі білім беру саласына жұмсалып келеді. Биылғы жылы бұл мақсатқа 102,7 миллиард теңге бөлінген. Сондай-ақ, өңірде 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші 90,2 пайызды құрайды.               Ал, аудандарда мектепке дейінгі тәрбие берумен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті ары қарай дамытып, жеке бизнесті тарту қолға алынып отыр. Алдағы уақытта Тараз қаласында ІТ мектеп–лицей ашу көзделіп отыр. Облыс тұрғындарын тұрақты түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту бағытында да жүйелі жұмыстар атқарылуда. Биылғы жылы бюджет есебінен 6 спорт нысанының құрылысы аяқталып, қолданысқа беріледі. Одан бөлек, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша «Шу қаласында орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде сервистік қызмет көрсету» жобасы іске асырылуда. Өз кезегінде халық қалаулылары облыс әкіміне нақты ұсыныстарын жеткізіп, аймақтардағы әлеуметтік нысандарды қамту көрсеткішін ілгері ету, сала мамандарына демеушілік жасау бағытындағы жұмыстарға қолдау білдіруді сұрады.

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар