ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

20:30, 30 мамыр 2018

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов облыс кәсіпкерлерімен кездесті. Бұл «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Жамбыл облыстық филиалының өңірлік үйлестіру кеңесінің ұйытқы болуымен өткізіліп отыр.

Асқар Мырзахметов Жамбыл облысына келгелі бері негізгі екі бағытты мықтап қолға алу керектігін жиі айтып келеді. Ол ауылшаруашылығы мен кәсіпкерлік саласы. Себебі, бұл екі бағыт дамымай елдің әл-ауқаты да жақсармайды. Сол үшін кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы саласын дамытудың жол картасы әзірленді. Өңір басшысы Жамбыл жерінде кәсібін нәсіп еткен азаматтармен де жиі кездесе бастады. Бүгінгі жиын да осының бір парасы. Сонымен, бұл кездесуде облыс әкіміне бизнес өкілдері тарапынан бірінші кезекте мал ұрлығының алдын алу, құрылыс нысандарын салудағы заңдылықтың сақталуы, жайылымдық жерлерді көбейтіп, ағын су проблемасын шешу секілді түрлі сұрақтар қойылды.

Әлімбек ЖҰМАБАЕВ ЖЕКЕ КӘСІПКЕР (Осы біздің өңірдегі осы үлкен проблема болып саналады. Бұл мәселе тоқталмайтын түрі бар. Осығын бір үзілді-кесілді шешім шығару керек сияқты. Жалпы, біз түсінеміз бұл шешім тек жамбыл облысының төңірегінде ғана емес, бүкіл еліміздің, мемлекетіміздің деңгейінде шешілетін мәселе деп санаймыз.)

Шарулардың шырылдайтындай жөні бар екен. Себебі, өткен жылы мал ұрлығы шамадан тыс көбейіп кеткен. Олардың ашылу пайызы да төмен. Мәселен: мал ұрлығы бойынша 3049 қылмыс тіркелсе – оның 66 ғана ашылған. Жиында бұдан бөлек, қаладағы заңсыз салынған сауда орындары мен ғимараттарды ретке келтіру бойынша да мәселе көтерілді. Сонымен қатар, тұрғындар тасмалымен айналысатын кәсіпкерлер автобекет маңындағы бейберекетсіздікпен күресте қала әкімдігінен көмек сұрады. Себебі, мұнда салық төлемей заңсыз тасмалдаушылар көбейіп кеткен. Облыс әкімі қаланы ретке келтіру бағытында нақты жұмыстар жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ(Сол жердегі мына қойылатын сауда орындарының бәрін бірыңғай архитектура  келбеттерін ескере отырып, типті түрде  қойуымыз керек. Әркім өз бетінше шамасы жеткенше қарай киоскіні қоя салып сол жерде сата беруге болмайды. Екінші жағында ескеруіміз керек. Қаланың келбетіне қатысты. Саудаға қарсылық жоқ, талап заңға сәйкес орындалуы керек. Біздің қосымша қоятын талабымыз архитектура келбеті және бәріде мынау  талапқа сәйкес болу керек.)

Жалпы, бұл кездесуде Асқар Мырзахметов екі сағатқа жуық уақыт кәсіпкерлердің сұрақтарын тыңдады. Оларға нақты жауап беріп, шешімін табуға тиісті мәселелерді жауапты басқарма басшыларына сол сәтте тапсырды. Облыс басшысы шағын және орта бизнес, өңірге салық әкелетін және халықтың әл-ауқатын жақсартып, жұмыс орындарын ашатын бағыт болғандықтан кез келген кәсіпкермен алдағы уақытта кездесуге дайын екендігін де айтты.

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар