ШҰҒЫЛ! ТАРИХ – МӘДЕНИЕТ – ТУРИЗМ Толығырақ

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫ – АЙМАҚ АЙНАСЫ

20:30, 18 сәуір 2018

Тараз қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші қандай? Қызыл сызықты кесіп өткендерді нендей жаза күтіп тұр? Жол, қоғамдық көлік, жалпы айтқанда халықтың қалауы қашан орындалады?  Бұл сауалдарға қала әкімі Рүстем Дәулет журналистермен өткізген брифингте жауап берді.

Өткен жылы қала кәсіпорындары 229,7 млрд теңгенің өнімін өндіріпті.  Бұл көрсеткіш 2016 жылымен салыстырғанда біршама артқан.  Мұнан өзге құны 8 млрд теңгені құрайтын 4 инвестициялық жобаны жүзеге  асыру жоспарланып,  581 жаңа жұмыс орынын ашу көзделіп отыр. Ал Шаһар басшысының айтуы бойынша ендігі басым бағыттар әлеуметтің әлеуетін арттыруға арналмақ.

Рүстем ДӘУЛЕТ – ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Көптен бері, көпшіліктің көкейіндегі мәселенің бірі,  қызыл сызықты белінен басқан ғимараттар мен мейрамханалардың заң талаптарын орындамауы. Өйткені жол қозғалысына кедергі, апатқа себеп. Мұнан өзге,  тозығы жеткен жолдарды жөндеу, ықшам аудандарды абаттандыру мәселесі де өзекті болып тұр.

Рүстем ДӘУЛЕТ – ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Қала көркейіп, экономика өсіп келеді. Халық саны артып, көлік қозғалысы да қиындай түсті. Жеріміз кең байтақ, бірақ, үй салатын жер жоқ.   Облыс басшысының тапсырмасына сәйкес қаланың келбеті мен сәулеті де айтарлықтай өзгеруі тиіс. Осындай мәселелерді оңды шешіп, Таразды түлету -  әкім жұмысының басты бағамы.

Н.Сембек

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар