ШҰҒЫЛ! ТАРИХ – МӘДЕНИЕТ – ТУРИЗМ Толығырақ

Облысқа көтерме-бөлшек сауда орындары керек

20:30, 15 наурыз 2018

Жамбыл облысында 2018-2019 жылдары көтерме-бөлшек сауда орындарын ашу жоспарланып отыр. Ол үшін күре жолдан өтетін аграрлы өлкенің жол сервисін дамытуда әлеуеті де зор. Ендігіде, әр ауданның өндірістік қабілетіне қарай көтерме-сауда орындарының қажеттілігін анықтау қажет. Осы мақсатта Асқар Исабекұлы өңірде тұрақты нарық орнықтыру мақсатында жауапты тұлғалармен кездесті.

Жол бойында бір-біріне жабыса орналасқан дүңгіршектер, ілісе салынған сапасы сын көтермейтін сауда орындары мен жабайы базарлар. Жамбыл облысындағы қазіргі сауда орындарының көрінісі осындай. Атына заты сай емес. Ал, мұқым халық тісқаққан делдалдардан зарықса да, амал нешік, аспанға шарықтатқан бағаға көк-сөкті сатып алады. Мәселені шешу керек. Асқар Мырзахметов әр ауданның өндірісіне, қажеттілігіне қарай стандарттарға сәйкес келетін үлестіру орындарын ашу керектігін айтты. Сондай-ақ, шетелдік компанияларға да қалаған көлемдегі тауарын бір орталықтан таба алу жағдайын қарастыру қажет, деді.

Асқар Мырзахметов  
Жамбыл облысының әкімі
Мысалы, ешкім әрбір шағын-шағын шаруақожалықтарын аралап жүріп сатып алумен ешкім айналысқасы келмейді. Мысалы, айтады маған бір 50 мың тонна беретін мекемені берші деп. Ондай қай жақта, жоқ қой бізде, мысалыға. А ол міне мынау – ОРЦ. + егерде ОРЦ болса, онда сауда көтеріледі, тиімділік артады, салығы бар бар, яғни көлеңкеден бері шығады бизнес/

Инвестор тауып, жобаны ұсыну ең соңғы нүкте. Әуелі, болашақ сауда орындарында қойманың сыйымдылығы, зертханалық жұмысы мен өнімді жуып-тазалау, буып-түю сынды үрдістер толық қамтылуы қажет. Дайын тауарлар болашақта ішкі нарықтан бөлек, экспортқа да жөнелтілетін ескерсек, өнімді сақтау мерзімі, алыс жолға жарамдылығы сынды іс-әрекеттер егжей-тегжейлі қамтылуы хақ. Бастысы  жергілікті халықты жамбыл өнімімен үздіксіз қамтамасыз ету.

Марс Сейдібаев
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК МОНИТОРИНГІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Жергілікті билік тұтынушыларға қажет мәселені көтеріп отыр. Таяқтың екінші ұшы тауарөндірушілердің де жағдайы бар. Нәпақасын жер анадан көрген дихандардың да табысы көбеймесе, азаймақ емес. Таразыны тең ұстау міндет. Алайда, баға тұрақтылығы баршамызды алаңдататын мәселе.

Ақбота Қайнар, Мұрат Таубаев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар