ШҰҒЫЛ! ТАРИХ – МӘДЕНИЕТ – ТУРИЗМ Толығырақ

Өндірісі өркендеген өңір

20:46, 21 желтоқсан 2016

Мал шаруашылығы мықты дамып, қойнауы қазба байлыққа толы болған Қаратау жері бұрын тау кен саласында, "Амангелді газ" кеніші секілді өндіріс орындарымен белгілі болса, қазір Талас ауданында "Талас инвест", "Жамбылнедр", "Қаратау Про" атты ірі инвестициялық жобалар жүзеге асты. Жаңа өндіріс орындарының іске қосылуымен ауданда 1000- нан астам жұмыс орындары ашылады.

Бүгінде Талас ауданы өндірісі өркендеген өңірге айналып келеді. Оның айғағы ретінде ауданға 2016- жылдың өзінде 7,5- млрд. теңгенің инвестициясы тартылғандығын айтса болады. Мәселен: соңғы екі жылда Қаратау қаласының маңында үш бірдей ірі зауыт пайдалануға берілді. Олар 15000- тонна натрий циониді мен 5000- тонна амоний сульфатын шығаратын «Талас инвест компани» серіктестігі. Және қазір жұмысы 100- пайызға дайын тұрған «Жамбылнедр» цемент зауыты мен  «Қаратау про» компаниясы болатын.

Болат Рысмендиев, Талас ауданының әкімі (Негізгі мақсат қарт Қаратауды нағыз өндірісті қалаға айналдыру. Соңғы жылдары бұл бағытта көп жұмыстар ақтарылды. Мемлекеттен бөлінетін қаржы көздерін былай қойғанда, оларға инвесторлар тарту да маңызды қадам)

 «Жамбылнедр» цемент зауытының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Енді мұнда жылына 300- мың тоннаға дейін цемент шығаратын болады. Сонымен қатар 250- жаңа жұмыс орындары ашылады. Бұрын Қаратау қаласында түрлі әктас өнімдерін шығарып келген компания енді осындай ауқымды жобаны қолға алып отыр.

Ермек Нұрпейісов, «ЖамбылНЕДР» ЖШС басшысының орынбасары (Зауытымыз қазір жүз пайызға дайын тұр. Енді санаулы күндерден кейін жұмысты бастаймыз. Шикітатты осы Қаратау жерінен өндіреміз)

2017- жылдың басында іске қосылатын «Қаратау Про» компаниясы да мәрмәр тас түрлерін шығаруды жоспарлап отыр. Міне, осылай қойнауы қазба байлыққа толы Қаратау жері өндірісі өркендеген қалаға айналатын күн де алыс емес. 

Айбол Қарашев, Асқар Әділ «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар