ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ӨНДІРІСКЕ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯ ЕНГІЗІЛУДЕ

11:14, 9 қаңтар 2019

Аграрлық сектор экономиканың локомотиві екенін ескерсек, Жамбыл облысында ауыл шаруашылығының барлық салалары жүйелі және жоспарлы түрде дамып келеді. Оның үстіне, басты назар - өңдеу кәсіпорындарын дамыту және олардың экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталып отыр. Өндірілетін өнімдердің сапасын бақылауға арналған  заманауи кәсіпорындардың бірі жайлы тілші репортажы.

«Гуд Жем» компаниясы құстар мен балықтарға, сондай-ақ, төрт-түлік түрлеріне арналған, Мемлекеттік стандартқа сай келетін жоғары сапалы жемшөп өндіреді. Өндірістік кешенді құру 4 негізгі кезеңге бөлінген. Олардың үшеуі зауыттың құрылысы мен үлкен және орта элеваторды қоса есептегенде, жүзеге асып отыр. Компания сапаны бақылау мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Осы жұмысты жетілдіру үшін мұнда заманауи жабдықтармен жарақтандырылған жаңа зертхана құрылған. Бұл орталық зауытқа кіретін шикізаттың да, дайын өнімнің де сапасын анықтау үшін талдаудың барлық түрлерін жүргізуге қауқарлы.

Евгения СОНИНА – ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ /Біз мұнда жемшөпке талдау жасаймыз. Әрине, бізде ол үшін барлық құрал-жабдықтар жеткілікті. Ал, шикізатқа қатысты басқа да талдауларда химиялық әдісті қолданамыз. Протеинді анықтаймыз, өнімнің ылғалдылығы, кальций... Бір сөзбен айтқанда, жемшөпке қатысты көрсеткіштердің барлығы бізде анықталады./

Жақын арада бұл зертхана өз өнімдерімен қатар, Жамбыл облысының басқа да кәсіпорындары келіп тауарларын тексере алатын үлкен кешенге айналады деп күтілуде.

 Ольга ШЕРБАШИНА  – БАС ТЕХНОЛОГ /Иә, бізге басқа да зауыттар өз шикізаттарын әкеле алады. ­Қандай да бір үлгілерін әкелсе, біз оларға сұраған талдауларын жасап бере аламыз /

Қазіргі таңда жемшөп өндіретін автоматтандырылған кешеннің өндірістік қуаты жылына 36 мың тонна құрама жем және минералды қоспаларды құрайды. Биылғы жылы кәсіпорын дамуының төртінші кезеңі жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр. Бұл кезеңде 70 мың тонна күнбағыс тұқымын өңдейтін және айына 30 мың тонна мұнай өндіретін зауыт салу көзделген. Сондай-ақ ол, энергияны үнемдейтін технологиялар мен жасыл энергия элементтері арқылы жүзеге асатын болады.

Б. Сабыржан, Наимбек Багбанов, Нурлыбек Кудияров «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар