ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСІМІ АРТТЫ

14:33, 9 қаңтар 2019

2017 жылдың қорытындысымен Жамбыл облысының экономикасын 2018 жылы 2,8 пайызға көтеру межесі қойылған еді. Алайда, өткен жылдың басында өңірге әкім болып келген Асқар Мырзахметов бұл межені 3,8 пайызға дейін көтеруді ұсынды. Нәтижесінде, облыс басшысының талабы артығымен орындалды. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Жамбыл облысының экономикасы 4- пайызға өсті.

Жыл басында Жамбыл облысына әкім болып тағайындалған Асқар Мырзахметов бірден жұмыс жүргізудің жаңа тәртібін ұсынды. Ол нысаналы және нәтижелі индикаторлар арқылы жұмыс істеу. Яғни, қарапайым тілмен айтқанда алдыға мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолында межелі жұмыстарды атқару. Бұрын мұндай жүйеде жұмыс істеп көрмеген бірқатар аудандар үшін бұл қийындық тудырғандығы жасырын емес. Ал, Мырзахметовтың мұндай талабы қарапайым халыққа ұнағаны анық. Өйткені, судың да сұрауы бар. Облыс басшысы қойған негізгі талаптың бірі Жамбыл облысының экономикасын көтеру, халықтың әлеуметтік жағдайын арттыру болатын. Бұл жөнінде аймақта бірқатар жұмыстар атрақылды. Кәсіпкерлік нысандарының картасы түзіліп, ауылшаруашылығын әртараптандыру бойынша нақты жұмыстар қолға алынды. 11- айөткен кеңейтілген алқа мәжілісінде де нақты айтылды. Осының арқасында міндетті межелер де артығымен орындалды.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ал, желтоқсан айының соңғы аптасында Асқар Мырзахметовтың төрағалық етуімен индикаторлардың орындалуы, соңғы қабылданған шешімдерге байланысты атқарылып жатқан жұмыстар жөніндегі өткен жиынның жөні мүлдем бөлек. Өйткені, онда өңірдің 2018 жылғы даму көрсеткіштері мен алда атқарылатын жұмыстар жөнінде  толық айтылды. Мәселен: Жамбылда өңірлік өнімнің нақты индексі 2018 жылы 103- пайызға дейін орындалған. Жалпы, облыс экономикасы Асқар Мырзахметов айтқандай  4- пайызға өсті. 12- мемлекеттік бағдарлама бойынша республикадан белгіленген 192 индикатор толық орындалып,  үкіметтің отырысында үнемі айтылып, бақылауда тұрған мәселе шешімін тапты.

 Асқар МЫРЗАХМЕТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жалпы, жыл бойына өңірде атқарылған барлық жұмыстар бірінші кезекте халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруға, өңірдің әл-ауқатын көтеруге арналған. Сондықтан, облыс тұрғындары тарапынан да үлкен қолдауға ие болып отырған Мырзахметовтың бұл бағыттағы жұмыстары биыл да кең көлемде жалғасын табады.

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар