ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

Салық кодексіне енгізілген өзгерістер

21:00, 8 қаңтар 2018

Осы жылдан бастап елімізде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» жаңа кодекс енгізілді. Жаңа Заң салық заңнамасын жетілдіріп, тиімсіз салықтық жеңілдіктерді жоюды қарастырады. Салық режимін оңтайландырып, салық саясатын жаңа экономикалық жағдайға келтіруді, бизнесті көлеңкеден шығаруды, шикізат секторындағы аталған базаны кеңейту мен жетілдіруді көздейді.

Мәселен, салықтық әкімшілендіруді жеңілдету коды салықтардың өзін-өзі төлеуін ынталандыруға негізделіп отыр. Ал салық базасы кірістер мен шығыстар арасындағы айырмашылық ретінде анықталады, яғни жеке кәсіпкерлер үшін 10% және заңды тұлғалар үшін 20%. Сондай-ақ, кейбір ауыртпалықтар азайып, әлеуметтік салық ставкасы төмендейді.

Өмірзақ Қоспанов, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндірме жұмыстары басқармасы басшысының міндетін атқарушы

/Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдіктер қарастырылған. Оның ішінде әлеуметтік салықтың мөлшері 1,5 пайызға төмендеген. Егер біз бұрын 11 пайыз төлейтін болсақ, қазір 9,5 пайыз болды. Және ілеуметтік аударылымдар 5 пайыздан 3,5 пайызға түсті/

Шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолданыстағы арнайы салық режимдері бұрынғысынша сақталады. Тек патент құнының ставкасы төмендеуі мүмкін. Атап айтсақ, арнайы салық режимін қолданып жүрген шағын бизнес субьектілерінің немесе жеке кәсіпкерлердің төлейтін салық мөлшері 1 пайызға кеміді. Бұл міндетті әлеуметтік медициналық жүйесінің енгізілуімен тікелей байланысты.

Өмірзақ Қоспанов, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндірме жұмыстары басқармасының басшысы міндетін атқарушы

/Автокөлік құралдары жоғалған не болмаса алдап, угон жасап кеткен азаматтардың салық мөлшері алынбайтын болды. Себебі, ол уәкілетті органнан тиісті құжаттар алып келуі керек/

Сонымен қатар, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтық жүктемесі де азайды. Осылайша, жаңа Кодекс тау-кен өнеркәсібі үшін үстеме пайдаға салынатын міндетті төлемдерді алып тастап, жүктемені көмір экспортына қарай бағыттайды.   

Қымбат Қаржауқызы, Асқар Әділ, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ  ЖЕТІСТІГІ
21:40, 15 қараша 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Толығырақ...