ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ШАЙЫНДЫ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

20:30, 11 мамыр 2018

Таразда талай жылдан бері шешімін таппай келе жатқан шайынды суларды тазарту кешені салынатын болды. Бұл бағыттағы жұмыстар басталып та кетті. Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов бұл іске жауаптылардың басын қосып, атқарылатын жұмыстар барысын тағы бір рет пысықтады. Арнайы құрылған жұмысшы тобы әкімге түзген жоспарларын таныстырды.

Бұл мәселе көптен бері көкейкесті болса да оны шешуге ешкім бел шешіп, құлшынып кіріспегені рас. Себебі шайынды суларды тазарту кешенін салу қыруар қаржыны қажет етеді. Жобаның құны шамамен 12 млрд теңге. Ал бұл қомақты қаржыны дотациялық аймақтың қалтасы көтере бермейтіні анық. Сондықтан да бұл мәселе жылдан жылға кейінге шегеріліп келген еді. Түйткілдің түйінін тарқату үшін облыс әкімінің тапсырмасымен  арнайы жұмыс тобы да құрылды. Бүгін топ мүшелері шетін жайдың шешімін ұсынды.

Нұржан НҰРЖІГІТОВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Шайынды суларды тазарту кешені салынатын жер  625 гектар шамасында. Ал құрылыс жоспарланған ол аумақтың барлығы егістік алқаптар. Шаруашылықтармен бірге жеке меншікке өтіп кеткендері де бар. Енді соны алу үшін шаруаларға өтемақы беру керек бір, екіншіден, уақыт оздырмай  құрылыстың бастапқы бөлігіне жан-жақты қаражат көздерін тартуды ойластыру керек. Бұл іске жауаптыларға тамыз айында қаралатын 2019 жылдың бюджет жобасына ұсыныс енгізу міндеттелді.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ /ертерек қимылдау керек. Жобалық сметалық құжатты даярлауға конкурс жариялап, тамыз айында дайын қағаз қолымызда болуы керек. Нақты құжатымыз болған  жағдайда Үкіметке де нақты ұсыныспен шығуға мүмкіндік болады. /

Яғни жауапты мамандар жедел қимылдап, жоспарды жүйелі түрде орындаса, көптен күткен құрылыс 2019 жылы басталады.

А. Тілеуханқызы

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ  ЖЕТІСТІГІ
21:40, 15 қараша 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Толығырақ...